12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кодекстен күтеріміз көп

Осы айдың басында ұзақ уақыт талқыға түсіп, ел ішінде қарама қайшы пікір туғызған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс қабылданды. Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық білім беру мен ғылымды жетілдіру, электрондық денсаулық сақтауды ендіру және Қазақстан Республикасындағы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуді көздеген құжаттан көпшіліктің күтері көп болып отыр. Ұлт денсаулығын нығайтуды, заманауи денсаулық сақтауды аурулар профилактикасына бағыттауға негізделген, мемлекеттің, жұмыс беруші мен қызметкердің денінің саулығы үшін ортақ жауапкершілікті күшейтуге негізделген кодекс саланың дамуына ықпал етеріне мамандар да сеніп отыр.

Мамандар демекші бұл құжаттың дәрігерлер құқығын қорғауда маңызы зор болып отыр. Кодекс бойынша енді елімізде дәрігерлер негізсіз өтініштер бойынша қудаланбайды. Қылмыстық істі қозғауға сараптама комиссиясының қорытындысы қажет болады. Денсаулық кодексі жобасына осындай норма енгізілген. Бұл дәрігерлерді жазалауды қайта қарау туралы Президент тапсырмасын орындауға байланысты енгізілген өзгеріс деуге болады. Айта кетер жайт, соңғы үш жылда елімізде дәрігерлерге қарсы бір мыңнан астам қылмыстық іс қозғалған екен. Енді егер қателікті лауазымды адамдар жасамаса, ауыр зардаптарға әкелмесе, клиникалық зерттеулер жүргізу, емдеу әдістерін бұзу әкімшілік құқықбұзушылық болып саналмақ. Негізсіз өтініштермен дәрігерлер қудаланбауы үшін қылмыстық іс қозғауға сараптама комиссиясының қорытындысы енгізіліп отыр.

Кодекстің ерекше дау тудырған тұсы екпеге қатысты болды. Құжаттың Сенаттан бір рет кері қайтуына түрткі болған өзгеріс екпенің еріктілігіне қатысты еді. Міндетті екпеден бас тарту мүмкіндігіне күмән келтірген пікірлер айтылғандықтан, Сенат депутаттары ата-аналардың еркін, саналы шешім қабылдау құқығын бекіту жөн деп санады. Бұл медициналық шараларға келісу немесе бас тарту құқығына қатысты «профилактикалық екпелерді қоса алғанда» деген сөз тіркесі қосылды. Елімізде Бельгия, Франция, Нидерланды, Ресей, Қытай және өзге де елдерде өндірілген 64 вакцина тіркелген, бір екпе ғана отандық. Қоғамда дау тудырған осы вакцинация талаптары, сапалары жаңа Денсаулық кодексінде тайға таңба басқандай айқын көрсетілді. Яғни халықтың көңіліндегі екпеге қатысты күдікті сейілтуге күш салынды.

Жалпы кодексті мамандар алдағы уақытта ұлт саулығын нығайтуға ықпал етер, халыққа қамқор болар құжат ретінде ерекше атап отыр. Кодекс бойынша енді темекі, жасанды темекі секілді денсаулыққа зиянды заттарды шектеп, үлкен қалалардағы халықтың түнгі тыныштығын сақтауды сағат 22:00-ден бастап таңғы сағат 09:00-ге дейін ұлғайтып, дәрі-дәрмек сапасының жауапкершілігі де күшейтілгенін айта кету керек. Медицинаны дамытудың өзекті мәселелерін шешуді және халықтың денсаулығын қорғау жүйесін жақсарту бойынша тиімді шараларды көздейтін түзетулердің іс жүзінде де көздеген мақсатына жетсе болғаны…

Мамандар не дейді:

Әзімбаева Нұршай Үйсінтайқызы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің бас сарапшысы:

 

  • Жаңа кодекске сай, профилактикалық егулер екі топқа бөлінген. Міндетті профилактикалық егулердің өзі жоспарлы профилактикалық егулер және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша егілетін инфекциялардың тізімі бойынша бөлінеді. Ал ерікті екпеге ақылы екпе жатады, яғни ерікті түрде белгілі бір инфекциялық ауруға қарсы егілу. Профилактикалық егулер бұрынғыдай жалпылама жүргізілмейді, топтар бойынша ғана адам өміріне орасан қауіп тудыратын, мүгедектікке әкеліп соғатын инфекцияларға қарсы егіледі. Мәселен дифтерияға, қызылшаға, сіреспеге, көкжөтелге, полемилитке қарсы егілетін екпелер осындай топқа жатады. Коронавирустық инфекцияға қатысты өлім жетім қазір әлем бойынша 4 пайыздан асып тұр. Ал жоғарыда атап өткен ауруларда өлім жітім тіркелген науқастардың 30 пайызына жету қаупі бар. Сондықтан қауіпті ауруларға қарсы профилактикалық екпелер ұсынылып отыр. Профилактикалық екпе кезінде әр адам ерікті түрде, ойланып барып шешім қабылдауы тиіс. Профилактикалық екпелер медициналық қарсы көрсетілімдерді ескеріп отырып салынады. Әр адамның денсаулығын мұқият тексеріп барып егіледі. Жаңа Кодексте ұжымдық иммунитет туралы да айтылады. Яғни денсаулық жағдайына байланысты егіле алмайтын бүлдіршіндердің құқығын қорғау қарастырылған. Екпемен басқарылатын инфекциялық ауруға ұшырағанда мүгедектікке немесе өлім жетімге ұшырау қаупі жоғары. Ал ұжымдық иммуниет 95 пайыз қалыптасқан жағдайда осы деңгейдегі екпемен басқарылатын аурулардың тарауына жол бермейтіні әлем бойынша дәлелденген. Сондықтан Коджексте ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету айтылған. Екпе сапасының жоғары болуына да Кодексте талап қойылған. Елімізге әкелінетін екпелердің барлығы ДДҰ-мен мақұлданған. Рас, елімізге көптеген екпелер сырттан әкелінеді. Енді жаңа талап бойынша оның тасымалдануына, сақталуына қатысты ережелер бұзылса жауапты тұлғаларға жауапкершілік күшейтіліп отыр. Ұжымдық иммунитетке сай егілмеген балалардың құқығы балабақшаға, мектепке барғанда бұзылмайды. Біз бұл шешімге басқа елдердегі шектеулерді, тәжірибелерді алып осындай шешімге келіп отырмыз. АҚШ-та, Францияда, Эстонияда, Польшада, Белоруссияда  егілмеген балаларды мектепке, балабақшаға кіргізбейді. Ал біздегі ұжымдық иммуниет мемлекеттік тұрғыда басқа балалардың денсаулық күйін қорғауға арналған шешім. Бізде мысалы балабақша 200 балаға арналған болса, 190 бала егілген болуы керек. Екпенің қажеттілігі, маңыздылығы халық арасында дұрыс түсіндірілмеген соң ел ішінде қарсылық, түсінбеушілік болып жатты. Сондықтан қазіргі кезде халық арасына қолжетімді әлеуметтік ақпараттандыру көздері арқылы түсіндіруге тырысып жатырмыз. Айта кетер жайт екпенің міндеттілігі жаңа норма емес, 2002 жылы ҚР Санитарлық эпидемиологиялық салауаттылық туралы заң қабылданған болатын. Сол заңның 26 бабы бойынша ҚР әрбір азаматы егуге міндетті болған. 2009 жылы Кодексте де екпе туралы осы норма сақталған еді. Қазір ел ішінде ақпараттандыру жұмыстары дұрыс жүргізілмегендіктен осы Кодексті қабылдау барысында шу туды. Әйтпесе егуге қатысты Кодексте қарсылық тудыратындай өзгеріс жоқ болатын. Енді тек ел игілігіне жұмыс істейтін құжат болуын тілейік.

 

Жақсылықова Гүлнар Әділханқызы, Астана медициналық университеті КЕАҚ-ның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры:

  • Құжатта қоғам денсаулығын қорғауды күшейтуге, ұлттың денсаулығын нығайтуға, мемлекет пен жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігін күшейтуге, цифрлық денсаулық сақтау саласын дамытуға, медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге арналған нормалар бар. Құжатта көрсетілгендей медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге арналған талаптар денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды тиімді реттеуге ықпал етеді деп отырмыз. Сонымен қатар жаңадан енгізілетін ережелер заңнамалық қайшылықтарды азайтуға және денсаулық сақтаудың деңгейін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттарына жақындатуға мүмкіндік береді. Кодексте біздің оқу процесімізге қатысты өзгеріс те бар. Мәселен енді дәрігер кадрларын даярлау үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша оқу аяқталғаннан кейін қорытынды аттестаттаудан өткен түлекке «Медицина магистрі» дәрежесі беріледі. Интернатурада оқу аяқталғаннан кейін кәсіби дайындықты бағалаудан өткен бітірушіге «Дәрігер» біліктілігі беріледі. «Магистр» дәрежесі бар тұлғалар клиникалық емес бейіндегі докторантураға түсуге құқылы. Резидентурада оқуды аяқтаған тұлғалар клиникалық бейіндегі докторантураға түсуге құқылы. Бұл өзгерістер маман даярлауға оң ықпал етеді деген ойдамын.

 

Қалдыбай ДҮЙСЕМБАЕВ

САМЫЙ ПОПУЛЯРНЫЙ ПРОДУКТ

НАРЫНКОЛЬСКИЙ КАРТОФЕЛЬ, ИЗВЕСТНЫЙ НЕ ТОЛЬКО В РАЙЫМБЕКСКОМ РАЙОНЕ АЛМАТИНСКОЙ...

Выбор в пользу жизни 

ПРОБЛЕМА НАРКОМАНИИ, ЛУДОМАНИИ И ИНТЕРНЕТЗАВИСИМОСТИ СРЕДИ МОЛОДЕЖИ СТАНОВИТСЯ ВСЕ...

Туркестан: от дизайн-кода до Тайқазана

В СООТВЕТСТВИИ С ЗАКОНОМ РК «ОБ ОСОБОМ СТАТУСЕ ГОРОДА...

Солнечный лучик, что по краю полотна

ПРИЗНАЮСЬ, ДАВНО НЕ БЫЛ НА ВЫСТАВКЕ КАРТИН СОВРЕМЕННЫХ ХУДОЖНИКОВ....

ГАРАНТ СПРАВЕДЛИВОСТИ И СТАБИЛЬНОСТИ 

В Мангистауской области состоялась конференция под названием «Конституция –...