12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кодекстегі өзгерістер жазаны қатайтты

Мемлекет басшысы өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық, браконьерлік және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажеттігін атап өткен болатын.
Осы бағыттағы шараларды іске асыру мақсатында 2019 жылдың 27 желтоқсанында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыс­тық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданып, 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап қолданысқа енді.
Қылмыстық кодекске енгізілген өзгеріс­тер бойынша жыныстық қатынасқа қатысты қылмыстар ауыр қылмыстар санатына өтті. Ал балаларға қарсы жасалған осындай қылмыстар аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылды. Зорлау және жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері үшін ең төменгі жаза мерзімі 5 жыл боп белгіленді, бұған дейін 3 жыл болатын. Бұрын балаларды зорлау қылмысы бойынша жаза мерзімі 17-20 жыл аралығын  қамтитын. Енді ондай қылмыс жасағандар 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы тұста айта кететін жайт, бұл санаттардағы қылмыс­тар бойынша татуласуға жол берілмейді.
Сонымен қатар, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқ­ты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол бергені үшін белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру  жазасы көзделіп отыр.
Қылмыстық кодекс мал ұрлығы бо­йынша арнайы 188-1-баппен толықтырылып отыр. Бапта қылмыстың 4 құрамы көрсетілген. Өзгенің малын жасырын ұрлау қылмысы үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген. Ал алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, сондай-ақ ірі мөлшерде жасалған қылмыс үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған және тараптардың ымыраласуына мүмкіндік қарастырылмаған. 
Ал, бірнеше рет немесе мал қораға кіріп жасалса, мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге, аса ірі мөлшерде және қылмыстық топ болса, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сондай-ақ, табиғатқа залал келтіргендерге де жаза қатайтылған. Заңсыз аңшылық (ҚК-нің 337-бабы) пен заңсыз балық аулау (ҚК-нің 335-бабы) қылмыстық теріс қылық ретінде емес, енді орташа ауырлықтағы қылмыс қатарына ауыстырылып, ол үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізілді. Сондай-ақ, топпен жүріп заңсыз аң аулаушылардың ісі ауыр қылмыстар қатарына өтіп, ол үшін 6 жылдан 10 жылға дейінгі аралықта бас бостандығынан айыру жазасының белгіленуі де табиғатты қорғауға серпін береді деген үміт бар. Ал табиғат инспекторларына бағынбау, өміріне қауіп төндіру енді полиция қызметкерлері мен арнайы мемлекеттік орган қызметкерлеріне, әскери қызметкерге қарсы келумен пара-пар. Соған сай жаза да қатаңдатылған.
Алкогольдік, есірткілік және уытқұмар­лық масаң күйде көлік құралын басқарып, біреуді абайсызда мерт қылса, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бос­тандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Дәл осы әрекет екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғатын болса, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыстық заңнамаға есірткіге жарнама жасауға қатысты жаңа бап енгізіліп отыр. Себебі соңғы кездері интернетте де, ғимараттардың қабырғасында да есірткі заттарының жарнамасы көбейіп кетті. Енді ондай әрекеттердің жазасы ауыр болады, тек бас бостандығынан айыру көзделген. Мерзімі – 3 жылға дейін.
Кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың соттардың жұмысын оңтайландыру, жүктемесін азайту, іске қатысушылардың  іс жүргізу шығындарын азайтып, уақытының үнемделетініне ықпал етері сөзсіз.

Сайдыбаттал ТОҚБЕРГЕНОВ,
Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық сотының төрағасы

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің маңызы

Тіл – әр ұлттың негізі. Ұлттың ұлт ретінде сақталуы...

Мемлекеттік тілде сөйлеу баршаға міндет

Мемлекеттік тіл ел тәуелсіздігін айқындайтын негізгі белгілердің бірі. Қазақ тілінің...

Мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыру қажеттілігі...

Медиация – бейбітшіл елдің басты миссиясы

Қазақстан – әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдайтын, көптеген дау-жанжалды...

Жазаны қатаңдату арқылы жауаптылық көтеріледі

Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады...