Кітапхана – білімнің көзі, кітапханашы оның тірегі!

Кітап адамзат мәдениетінің ең ұлы туындыларының бірі, кез келген елдің мәдениетінің ең басты байлығы – кітап.
Кітап. Кітапхана. Кітапханашы!  Үш ақ ауыз сөз болғанмен мағынасы тым тереңде. Бірі-бірінсіз толыққанды бола алмайтын рухани ошақ. Бір-бірін жалғастырып тұрған оларсыз қоғамды  елестету мүмкін емес киелі ұғымдар. Әр таңын білімнің қайнар көзі кітаппен ашатын, сол кітаптағы асыл мұраларды оқырмандарға жеткізетін алтын көпірді байланыстырушы Кітапханашылар.
Ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан биік парасаттылық пен біліктіліктің, тәрбиенің киелі ордасы. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Осындай маман иелері бүгін біздің #79 мекеменің қонағы болды. Сотталған азаматшаларға арнап кітап жинағын да ала келді. Әдемі рухани кешті мәнді сөз саптаулармен өрнектеген Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана ұжымы және «Атырау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ қызметкерлері. Алдағы уақытта да сотталған азаматшаларға арнайы тарту етер кітаптардың толастамайтынын сөзге тиек етті. Мұндай шаралар өз жалғасын табатынын нық сеніммен айтамыз.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...