«Кітап оқитын ұлт» жобасына миллионнан астам қазақстандық қосылды

«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қатысуға миллионнан астам қазақстандық тіркелді. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын орындау аясында жүзеге асырылып жатыр.

Қатысушылар байқаудың жеті бағытының бірін таңдай алады. Тіркелгеннен кейін олар алты ай ішінде 15 кітап оқып, ұйымдар, аудандар, қалалар мен өңірлер деңгейінде өтетін бірнеше іріктеу кезеңінен өтеді. Өңірлік кезеңдегі сайыс командалық форматта ұйымдастырылады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев қазақстандықтардың жобаға зор қызығушылық танытып отырғанын атап өтіп, кітап оқу мәдениетін дамыту баршаға ортақ міндет екенін айтты. Небәрі екі аптаның ішінде миллионнан астам адамның тіркелуі бұл бастаманың халық арасында үлкен қызығушылық тудырғанын көрсетеді.

Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша төрт мыңға жуық қатысушы «Жыл оқырманы» атағы үшін жарысты жалғастырады. Өңірлік іріктеуде жүлделі орын алған қатысушыларға ақшалай сыйлық беріледі: бірінші орынға – 600 мың теңге, екінші орынға – 450 мың теңге, үшінші орынға – 300 мың теңге.

Келесі кезеңде қатысушылар эссе жазып, оқыған шығармалары бойынша таныстырылым жасайды және сарапшылар алқасының алдында сөз сөйлейді. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша әр өңірден он үздік оқырман анықталады.

Астанада өтетін республикалық финалға еліміздің 20 өңірінен 200 адам қатысады. Олар тестілеуден өтіп, байқау тапсырмаларын орындайды және қазылар алқасының алдында сөз сөйлейді. Финал қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік он оқырманы анықталады. Олардың әрқайсысы 10 миллион теңге көлеміндегі бас жүлдеге ие болады.

Таяу Шығыс: Сирияда миллиондаған адам үйлеріне оралды

Сирияда ұзақ жылдарға созылған қақтығыстардан кейін ел тұрғындарының бір...

АҚШ, Қытай және Ресей басшылары маңызды кездесу өткізуге дайындалуда

2026 жылғы 17 қарашадағы маңызды халықаралық жаңалықтардың бірі —...

Сот-заңнамалық реформалар тәуелсіздікті арттырады

Сот төрелігін, сондай-ақ, заңдарды жетілдіру заман талабы. Өйткені, бұлар...

Кәсіби этика сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді

Ел Конституциясы адамға бағдарланған мемлекет қағидатына негізделген, сондықтан, мемлекеттік...

Впервые разработан законопроект с помощью ИИ-платформы AI-Quryltai

Проект нового закона «О цифровой и информационной безопасности детей»...