12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Кішкентай қыздың құрметі – үлкен өнеге

Қоғамдағы тыныштық пен тәртіпті сақтау – полиция қызметкерлерінің ең басты міндеті. Олар күнделікті өмірде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, кез келген сәтте көмекке келуге дайын тұрады. Сондықтан оларға деген құрмет – ел мен ұлттың ішкі мәдениетінің айғағы.
Бүгін 25 қазан Республика күні мерекесі қарсаңында қызмет бабымен Атырау қаласында орналасқан сауда орталығында жүрген кезімізде көпшіліктің жүрегін елжіреткен бір көрініс орын алды: кішкентай қыз келе жатырған Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті 79 мекемесінің қызметкерлеріне қарап, әскери үлгіде честь берді. Мекеме қызметкері де жылы жымиып, балапанның ілтипатына лайықты түрде жауап қатты. Бұл сәтті көрген жанында тұрған балалар да бір ауыздан сәлемдесуге кірісті. Осындай екі буын арасындағы сыйластық пен құрметтің үлгісін сол айналадағы барлығымыз байқадық.

Бір қарағанда қарапайым көрініс болғанымен, оның астарында үлкен мән жатыр. Баланың әрекеті – тәртіпке, ерлікке, отансүйгіштікке деген құрметтің белгісі. Ал мұндай сезім ерте жастан қалыптасса, ол кейін елін сүйетін, азаматтық жауапкершілігі жоғары тұлғаға айналары сөзсіз.

Полиция қызметкерлері тек заңды қорғаушылар ғана емес, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздіктің тірегі. Балалардың оларға деген сенімі мен құрметі – олардың адал қызметінің жемісі.

Осындай сәттер қоғамдағы бірлік пен сыйластықтың, елге деген сүйіспеншіліктің, алдағы ұрпақтың дұрыс тәрбиеленіп келе жатқандығының айқын дәлелі.

Для осужденных женщин проводились курсы профессиональной подготовки

В целях исполнения пункта 3.7 протокола, проведённого Руководителем Администрации...

Сотталған азаматшаларға кәсіби курстар өткізілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының А.А. Дадебай төрағалығымен өткен...

Жетісу облысында пробация қызметі профилактикалық шара өткізуде

Жетісу облысы Ескелді аудандық пробация қызметі жергілікті полиция қызметкерлерімен...