Кірістер департаментінің қызметкерлері темір тордың ішкі тынысы мен танысты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы экскурсия өтті Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында экскурсия өтті. Бұл жиынға Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері келіп, темір торды өз көздерімен көрді. Басты мақсат – мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, бас бостандығынан айыру мекемелерінде болудың ауыртпалығын сезіну, сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылық салдарымен таныстыру үшін оларды қамауда отырған жандардың өмірімен таныстыру.

Бұл экскурсияның мемлекеттік қызметкерлер үшін тәрбиелік мағынасы зор. Себебі мекеменің Режим және Күзет бөлімінің бастығы әділет майоры Төребеков Асылбек экскурсияға келушілерді тергеу мекемесінің арнайы контигенттер ұсталатын аймағындағы шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар жататын жатақхананы, камераларды және тәртіптік изоляторды аралатып, жазасын өтеушілердің режимдік аймақта ұсталу жағдайымен таныстырып шықты.     

Алдымен, кезекші бөлімге бастап апарып, тергеу мекемесінің негізгі қызметтік міндеті, мекеме ішінде жүріп тұру жағдайы жайлы түсіндірдірме жұмыстары жүргізілді. Тергеу мекемесінің негізгі міндеті күдіктілер мен айыпталушылар және тергеудегілер мен бес жылға дейінгі сотталғандарды ұстау және олардың режимдік тәтібін қадағалау мен сотталған азаматтардың жаза мерзімін өтеу барысында өмірге қайта тәрбиелеу болып табылады. Яғни, мұнда, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейінгі айыпталушылар мен күдіктілер және шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар отырады. Толтыру лимитінің жалпы саны-430, қазіргі таңда қамауда 250 – ге жуық контигент бар.

Соның ішінде, Сыбайлас жемқорлық қылмысының ҚР ҚК-нің 366, 367 — баптары бойынша қамауда ұсталынып отырғандар да бар. Олар өздеріңіз секілді мемлекеттік қызметте болған азаматтар. Бұл азаматтар жазалау орындарына алғаш түсіп отырғандықтан өзге қылмыскерлерден оқшауланып, бөлек камераларда ұсталады. Бірақ, тәртіп пен талап бәріне бірдей қатаң екенін жеткізді РжКБ-нің бастығы әділет майоры А.Төребеков.

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтауы

Мемлекеттік қызметші – халық пен мемлекеттің арасындағы байланысты қамтамасыз...

Кассациялық соттардың құрылғанына – 1 жыл

2025 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасында дербес кассациялық соттар...

ЖСДП мемлекеттік шығыстарды барынша ашық етуді ұсынды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов Астанада...

«Будучи в Парламенте, они долго блокировали прогрессивные налоги на роскошь или сверхприбыли – члены ОДСП высказались об Ак Жол

Руководитель Центрального аппарата Общенациональная социал-демократическая партия Максут Насибулов выступил...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЗЕҢ: ТАРИХШЫ МЕН ЗАҢГЕР КӨЗҚАРАСЫ

2026 жылғы 1 шілде – Қазақстанның конституциялық даму тарихындағы...