12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әкімшілік юстиция енгізу – заман талабы

Ата Заңға сәйкес құқықтық мемлекет болып табылатын Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап ел аумағында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, әділ сот жүйесін қалыптастыруға бағытталған кең көлемде реформаларды жүзеге асыруда. Маңыздылығы ерекше мәнге ие бұл шаралар Елбасы Н.Назарбаевтың басты назарында болды. Ал Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 02.09.2019. жылғы халыққа Жолдауында қазіргі сот жүйесінің тиімділігін арттыру мен мүмкіндігін кеңейту шеңберінде жаңа институт – әкімшілік юстицияны құру қажеттілігіне айырықша тоқталды. Әкімшілік юститция (әділет) дегеніміз не? Ол азаматтардың ұйымдардың билік органдарының лауазымды тұлғалардың шешімдері мен іс-әрекеттеріне келіспегендіктен туындаған шағымдары мен дауларын қарау жүйесін іске асыратын құқықтық институт. Қазіргі таңда басқару органдарының азаматтардың өтініштерін қарау барысында олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы талапқа сай еместігі, тараптардың тең жағдайда болмайтындығы ешкімге құпия емес. Мұның өзі атқарушы билік пен жеке мүдде арасындағы келіспеушілктерге апарып соқтырады. Осындай даулар мен келіспеушіліктер мемлекеттік органдар тарапынан әкімшілік тәртіп бойынша шешімін таппаса, тәуелсіз арнайы сотқа жүгіну өз құқығына ие болды.

Өз кезегінде әкімшілік юстиция институтының негіздерін арнайы сот өндірісінің жаңа жүйесі құрайды. Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік құқықтық қатынастар барысында мемлекет пен азаматтардың (ұйымдардың) арасындағы дау-дамайларды шешу аталмыш әкімшілік сот өндірісінің құзырына енеді. Мұңдай тәртіп 2020 жылы 29 маусымда қабылданған ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте қарастырылып бектілген. Осыған сай 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап әкімшілік бұқаралық дау-соттарда жаңаша сипаттағы сот өндірісінің мәні мен қағидаларына сәйкес қаралатын болды. Өзіндік процессуалдық ерекшеліктер мен мақсат-міндеттерімен ерекешеленетін бұл әкімшілік сот өндірісінің практикалық қызметінде мемлекеттік басқаруда тиімділік пен ашықтықтың болуы, әкімшілік даулардың әділ, обьективті уақытылы шешілуі, заңдылықтың нығаюы басымдылық (приоритет) танытуы тиіс.

Әрине әкімшілік сот өндірісі өз мақсаттарын орындау жолында белгілі бір құқықтық нормалар мен тетіктердің жүйесін пайдаланады. Оған сот және қатысушылардың құқықтық мәртебелері ,талап қою,сот өндірісінің кезеңдері, шешімдері, дәледемелер, шағымдану т.б. жатады .

Осылардың ішінде талап мәселесі айрықша ерекшеленеді. Талап қою арқылы сот органдарына жүгіну – бұқара халық арасында жиі кездесетін құбылыс. Талап-бұзылған не даулы құқықты қорғау құралы. Ол әмбебап құрылым болғандықтан материалдық құқықтық және процессуалдық құқықтық элементтерден тұрады.

Әкімшілік сот өндірісі талап қою арқылы азаматтардың ұйымдардың заңды мүдделерін қорғау жолында біршама істерді қарайды.

Дау айту туралы. Талап қоюшы өз өтінішінің мемлекеттік органда шешілуіне қанағаттанбаған жағдайда, сотқа жүгінеді. Егер сот азаматтың заңды мүдделері бұзылған деп тапса, әкімшілік актінің күші жойылады.

Мысалы: кәсіпкердің көп қабатты үйдің бірінші қабатынан дүкен ашуға рұқсат берілмеуіжайында шешімге дау айтуы

Мәжбүрлеу туралы. Талап қоюшы мемлекеттік органның лауазымды тұлғаның бас тартуы не әрекетсіздігі нәтижесінде өз мүддесіне сай келетін әкімшілік актінің қабылданбай отырғандығы алға тартады. Сот шешімі талапкер пайдасына шешілген болса, жауапкер әкімшілік акт қабылдауға мәжбүрленді.

Әрекет жасау туралы. Талап қоюшы басқару органдарынан белгілі бір мәселелер жөнінде әрекеттер жасауға немесе олардан бас тартуға талаптар қояды.Егер сот қойылған талапты заңды деп тапса, жауапкерге орындауға тиісті нақты міндеттер көрсетілген шешім шығарылады.

Мысалы: су тоғандары жиегіне белгі орнату.

Тану туралы. Талап қоюшы қандай да бір құықықтық қатынастың бар не жоқ екендігін, немесе мүддесіне сай емес әкімшілік актінің заңсыздығын тану туралы мәселе көтереді. Бұл ретте талап қоюшы құқықтық қатынастардың орнауы үшін құқықтық моральдық және материалдық байланыстар болуын ескеруі тиіс.

Мысалы: мемлекттік қызметшінің жоғарғы лауазымға орналасуға құқығын тану туралы. Осылайша жаңаша тұрпаттағы әкімшілік сот өндірісі мемлекеттік басқару саласындағы көптеген қатынастар мен дау-дамайларды жүйелеуге ,олардың мән-мағынасын ашуға жол салады. Жаңадан енгізіліп жатқан әкімшілік юстиция институты заман талабына сай келетін, болашағы зор құрылым болып табылады. Оның тәуелсіз елімізде демократияны нығайтуға, азаматтық қоғам орнатуға, халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыруға бағытталған құқықты реформалардың ойдағыдай іске асуындағы рөлі айырықша болмақ.

Адылбекова Ғалия Игембекқызы, Тараз қалалық сотының бас маманы 

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...