12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасын жетілдіре түсу уақыт талабы

Соңғы жылдары сот саласына жаңа бастамалар мен құқықтық жүйелер енгізіліп, халықтың сотқа деген сенімін арттыру, сот төрелігінің әділдігін, жауапкершілігін көтеру бағытында көптеген жұмыстар атқарылды. Соның бірі Жоғары Сот төрағасы Жақып Асанов мырзаның бастамасымен қолға алынған сот жүйесін дамытуға бағытталған – «Сот төрелігінің 7 түйіні » жобасы деуге болады.
Жеті түйіннің бірі — Сот төрелігінің сапалы нәтижесі. Қағидасы қарапайым: сотта дау-дамай аз, сот төрелігі сапалы болуы керек. Жалпы «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е-СОТ», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сотсыз татуласу орталығы» жобалары сот жүйесін дамыту тұжырымдамасының негізін құрайды. Бүгінде осы жеті жобаның негізінде сот жүйесін одан әрі дамыту, сот төрелігіне сенімді арттыру міндеттері тұр.
«Сот төрелігінің «7 түйіні» жобасы халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыра түсуге ғана емес, сот төрелігінің әділеттілігін, оның жауапкершілігі мен тәуелсіздігін, сот шешімдерінің жоғары сапасы мен судьялардың біліктілігін арттыру арқылы құқық үстемдігін қамтамасыз етеді. Сот ісін жүргізуге қатысушылардың сотқа жүгіну нәтижесімен қанағаттану деңгейін көтеруді мақсат еткен жоба сәтті жүзеге асып жатқанын көріп отырмыз. Сот актілері мазмұнының түсінікті, қарапайым тілмен жазылуын, сондай-ақ тараптарға сот актілерін түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтитын жоба көпшіліктің көңілінен шығуда. Бұл жаңа формат қарапайым адамға түсінікті форманы қалыптастырды. Жарияланған сот актілерінің заңды тұрғыда қабылдану негіздері тараптарға түсіндірілу негізінде апелляциялық шағымдар саны азайып келеді.
Статистикаға сүйенсек, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 2019 жылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 1 бөлімі 610 бабымен (жол-көлік қозғалысы бойынша құқық бұзу, біреудің мүлкіне зиян келтіру )18 667 іс қараған, ал 2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында – 6 866 іс болып отыр.
Егер әрбір құқық бұзушылық ісі бойынша кем дегенде бір-бірден зардап шегуші бар екенін ескерсек, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 1 бөлімі 610 бабы бойынша 2019 жылы орта есеппен 37 334 адам әкімшілік өндіріске тартылған, 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы бұл көрсеткіш – 13 732 адамды қамтып отыр. Сондай-ақ тәжірибе көрсеткендей, жоғарыда көрсетілген істердің 80 пайызы аса күрделі емес. Құқық бұзушылар өздерінің кінәсін мойындайды, айыппұл төлеуге де әзір. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 818 бабында (әкімшілік құқық бұзушылық ісінің қарастырылу реті) қарастырылғандай ары қарай қазбаламайды. Жоғарыда көрсетілген деректер сот төрелігінің нәтижелілігін арттырып, әкімшілік құқық бұзушылық заңдарының мақсатына жетіп, қағидаларына берік болуы үшін Заңға өзгерістер енгізу қажеттігін, жаңа әдістер мен іс жүргізу рәсімдеріне жаңаша көзқарас керектігін айқындай түседі.
Сотқа жүктелген міндеттемелерді азайтуды мақсат ететін Сот жүйесінің үшінші түйінін жүзеге асыру үшін ҚР ӘҚБТК 610, 684 баптарына өзгеріс енгізуді ұсынамыз және егер құқық бұзушылық бірінші рет болса, құқық бұзушы өзінің кінәсін толық мойындап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 818 бабына сәйкес 50 пайыз айыппұл төлеуге әзір болса, ҚР ӘҚБТК 610 бабы бойынша істерді ҚР ІІМ уәкілетті органының ведомстволық бөлімдеріне өткізіп берген жөн. Мұндай өзгеріс азаматтар үшін, ҚР ІІМ мен Сот үшін де нәтижелі болар еді. Азаматтардың да ісі жылдам шешіліп, қысқа мерзімде сақтандыру компанияларына бара алады. Ал құқық қорғаушы мекемелер артық шығыннан құтылады, іске қатысты қосымша материалдар жинамайды, штаттағы жұмысшыларды көбейтудің де қажеті болмайды. Сот та артық жұмыстан арылады, қағаз, картридж секілді ұсақ-түйекке жұмсалатын бюджет қаржысы үнемделеді.
Ал егер азаматтар уәкілетті мекеменің қаулысымен келіспесе, ӘҚБТК 44 -1 тарауына сәйкес сотқа шағымдануға құқылы немесе үстінен әкімшілік құқық бұзушылық ісі қозғалған тұлғаның жазбаша өтініші бойынша іс сотқа жіберіледі. Міне, осындай жағдайда ғана іс сотқа жіберіліп, ӘҚБТК 4 бөлімі 683 бап бойынша судья істі қарайды. Жалпы сот жүйесі халыққа қолайлы жұмыс істеуге, сот жүктемесін азайтуға қадам басып келеді. Сондықтан бұл өзгерістер сот саласы үшін де, халық үшін де оңтайлы өзгеріс болар еді. Бүгінгі күні саламызға барлық жағынан тиімді мұндай әдістер өте қажет деп ойлаймын. Осы ауқымды реформаларды жүзеге асыру, отандық сот жүйесінің сапасын арттырып, жаңа деңгейге көтеретіндігі аян және халықаралық стандарттарға негізделген сот төрелігі ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Осы орайда сапалы нәтижеге жеткізер, мұндай өзгерістер саламызға керек-ақ.

Тәжіханов Бақытжан Әбдісәттәрұлы, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...