12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әкімшілік әділет жаңа леп әкелді

Жария-құқықтық даулардың қаралуы бұрын Азаматтық процестік кодекс нормаларымен реттеліп келген болатын. Қазіргі күні мұндай даулар Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі негізінде әкімшілік соттармен қаралуда.
Жаңа кодексте әкімшілік сот ісін жүргізу соттың белсенді рөлі негізінде жүзеге асырылады деп көрсетілген. Себебі, жария-құқықтық дауларда сотқа келген бір жағынан азамат, екінші жағынан әкімшілік орган немесе лауазымды тұлға болып табылатын екі тарапты тең деп айтуға болмайды. Мемлекеттік орган өзінің әкімшілік және адами ресурстарымен қарапайым азаматтан әлдеқайда басым түсетіні белгілі. Сондықтан осы тараптар арасындағы теңдікті қамтамасыз ететін бұл қағидатты әкімшілік әділет институтын дамытудағы басты құралдардың бірі деп айтуға болады.
Белсенді рөл атқара отырып, судья сотқа қатысушылардың түсініктемелерімен, олар ұсынған дәлелдемелермен шектеліп қана қоймай, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттейді және өз бастамасы бойынша қосымша дәлелдемелерді жинай алады.
Азамат сотқа құқықтары мен заңды мүдделері бұзылғандықтан жүгінеді, алайда заң нормаларын толық меңгермегендіктен талапты нақты қоймауы, жауапкерді дұрыс көрсетпеуі мүмкін. Мұндай жағдайда, судья тарапынан азаматқа құқықтық «көмек» көрсетіледі.
Сонымен қатар, Әкімшілік рәсім­дік-процестік кодекстің 16-бабы­ның 2-бөлігіне сәйкес, судья әкім­шілік істің нақты және заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айта алады.
Сот практикасы әкімшілік процеске қатысушыларға даулы қатынастарды реттейтін заң нормаларын түсіндірудің тараптарды татуластыруда өте маңызды рөл атқаратынын көрсетіп отыр.
Әкімшілік іс бойынша тараптардың бітімгершілікке келуімен аяқталатын істер санының артуы осыған дәлел. Осылайша сот практикасы әкімшілік сот ісін жүргізуде судьяның белсенді рөл танытуы азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруде маңызды орын алатынын көрсетіп отыр.
Жалпы, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген қағидаттар жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыруға, жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізуге бағытталған. Оның ішінде, соттың белсенді рөлі қағидатының іске асырылуы азамат пен мемлекет арасындағы теңдікті қалыптастыра отырып, еліміздің құқықтық жүйесін жаңа бір сатыға жоғарылататынына сенім мол.

А.Абилгазина,
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік
сотының судьясы

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...

Сыбайлас жемқорлықтан ешбір ел сақтандырылмаған

Сыбайлас жемқорлық – әлем халықтарына ортақ кесел. Бұл індет...

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...