12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әкімшілік әділет институтының негізгі ерекшеліктері

Әкімшілік органдардың шешімімен немесе әрекетімен, әрекетсіздігімен келіспей, жария-құқыққа қатысты дау туындаса, жеке және заңды тұлғалар Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі негізінде жаңадан ашылған мамандандырылған әкімшілік соттарға талап қоюмен жүгіне алады. Осылайша, Қазақстанның құқықтық жүйесінде жария-құқықтық дауларды шешуде құқықтық нормалардың кең кешені пайда болды. Шет елдерде ол жалпы термин бойынша әкімшілік даулардың құқықтары немесе әкімшілік юстиция құқығы деп белгіленеді.
Әкімшілік әділет институтының негізгі ерекшеліктері:
Біріншіден, әкімшілік юстиция органдары қарайтын құқықтық даулар – жария­-құқықтық даулар. Мұндай дауларда тараптардың бірі атқарушы билік немесе мемлекеттік әкімшіліктің басқа органы болып табылады.
Екіншіден – тарап-азаматтар немесе олардың қауымдастықтары, әртүрлі мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Даулар жария-құқықтық қатынастардан, яғни, бір тарап заңға, бұйрыққа немесе өзге де актіге байланысты мемлекеттік органға бағынатын қатынастардан туындайды.
Жария-құқықтық дауларда, ең алдымен, азаматтардың және олардың қауымдастықтарының (азаматтық және саяси құқықтар, қоғамдық мүдделер, басқару саласындағы құқықтар) жария құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы сөз болып отыр. Бірақ мұндай дауларда жеке құқықтар мен мүдделер де қорғалады, өйткені көбінесе олар мемлекеттік қол сұғушылықты сезінеді. Даулар әрдайым басқарушылық салада туындамайды (әкімшілік әділет аясында сайлау, Еңбек және тіпті, діни даулар болуы мүмкін).
Сот тәжірибесінде айқындалғандай мемлекеттік әкімшілік органдарының жеке құқықтық актілері, сондай-ақ, олардың әрекеттері (әрекетсіздігі) дауланады. Соңғы уақытта әкімшілік соттарда әкімшілік келісімдер, нормативтік құқықтық актілер, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының актілері даулануда. Мұндай дауларды қарайтын судьялар Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде айқындалған қағидаларды басшылыққа алуда. Сондықтан, әкімшілік процестің ерекшеліктеріне мемлекеттік органға дәлелдеу ауыртпалығын жүктеу, азаматтардың құқықтарына қосымша процедуралық кепілдіктер жасау, соттың немесе істі қарайтын басқа әкімшілік әділет органының белсенді рөлі, қарсы тараптың мүмкін еместігі және т.б. жатады. Сонымен қатар, әкімшілік актіге немесе әрекетке (әрекетсіздікке) жоғары тұрған әкімшілік органға міндетті түрде алдын ала шағымдану туралы ереже барын ескерген жөн.
Әкімшілік әділет институты бойынша дауларды қарау кезінде азаматтар мүддесінің басым болуына мән беріледі. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті қолданысқа енгізу – азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың ерекше тетігіне айналуда.

Н.Искакова,
Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...