12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әкімшілік әділет институты – заман талабы

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі іске қосылды.


Кодекс жария құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешу бойынша әкімшілік рәсімдермен және арнайы сот ісімен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. Атап айтқанда соттың тараптар ұсынған дәлелдемелермен шектелмей, барлық мән-жайды тыңғылықты зерттеуімен, дәлелдемелер жеткіліксіз жағдайда оларды өз бастамасымен жинақтауына мүмкіндік беруімен құнды. Бұған қоса осы құқықтық құжатқа сай судья құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала пікірін білдіре алады. Сондай-ақ әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске әкімшілік орган ұғымы енгізілді. Әкімшілік органға тек мемлекеттік қана емес, сонымен бірге мемлекеттік басқару саласында өкілеттіктер берілген нысандар да кіреді. Бұл қатарда жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ, әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет пен әрекетсіздікті жасау бойынша өкілеттіктер берілген ұйымдар бар.


Жаңа кодекс сондай-ақ шешім шығарғанға дейін әкімшілік процестердің барлық кезеңінде татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасау мүмкіндігін қарастырады.


Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі сотта және одан да жоғары органда билік органдарымен дауларды қарау барысында азаматтар мен заңды тұлғаларды қорғаудың тиімділігін арттыруға арналған. Кодекстің негізгі мақсаты азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. ӘРПК-нің күшіне енуіне байланысты бұрын қолданыста болған нормативтік құқықтық актілер, атап айтсақ, ҚР «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңы, ҚР «Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы, сондай-ақ ҚР АПК-нің кейбір нормалары, соның ішінде 27–29 тараулары күшін жояды. Әкімшілік рәсімде құқықтар мен міндеттерді өз әрекеттерімен жүзеге асыру қабілеттілігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар үшін тең дәрежеде танылады (ӘРПК-нің 19-бабы).


Берілген кодексте Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым әкімшілік орган болып табылады (ӘРПК-нің 4-бабының 1-тармағы, 7-тармақшасы).


Әкімшілік рәсім ӘРПК-нің екі басты институтының бірі болып табылады. Әкімшілік рәсім ұғымына әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі, жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет жатады (ӘРПК-нің 4-бабының 1-тармағы, 8-тармақшасы). Бұл ұғымға ішкі әкімшілік рәсімдер кірмейді.


Әкімшілік рәсім қатысушыларына арыз беруші мен мүдделі тұлға кіреді. Әкімшілік актімен, әкімшілік әрекет жасаумен (әрекетсіздік танытумен) құқықтары, бостандығы немесе заңды мүдделері қозғалған немесе қозғалуы мүмкін тұлға мүдделі тұлға болып табылады. Егер жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік рәсім әкімшілік органмен қозғалса, онда ол әкімшілік актінің адресаты деп аталады. Кәдімгі әкімшілік рәсімде арыз берушінің, әкімшілік актінің адресаты мен мүдделі тұлғаның құқықтарына, заңды мүдделеріне, міндеттемелеріне тікелей қатысты мәселелер шешіледі. Басқа тұлғаларды мүдделері үшін жүгінуге жол берілмейді. Алайда, азаматтық заңнамаға сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өкілдері болуы мүмкін.
Азаматтардың қоғамдық билікпен қарым-қатынасындағы құқықтарын әділ қорғау мақсатында дамыған елдер тәжірибесіне сүйене отырып қабылданған заңның алдағы уақытта сот төрелігінің ашықтығы мен сапасын одан әрі қамтамасыз етері, сондай-ақ, жүйе жұмысына деген сенімді нығайтары хақ.

Амеркенова Айнур Бахитжановна, Алматы гарнизоны әскери сотының бас маман- сот мәжілісінің хатшысы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...