12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Үкімнің әділдігі басты мақсат!

Әр үкімнің артында адам тағдыры бар. Соны судьялар жете түсінгендіктен әр істі мұқият сараптап, барынша әділ шешім шығаруға тырысады. Өйткені «қара қылды қақ жарғандай» әділетті болу оңай шаруа емес. Осы орайда айта кетер жайт, қоғам тарапынан, әсіресе адвокаттар, блогерлер мен жекелеген азаматтар істердің жалпы үлес салмағына шаққанда ақтау үкімдерінің пайыздық тұрғыдан төмен екендігін жиі сынға алады.

Дегенмен адамды ақтау үшін заңда көзделген негіздер қажет екені сөзсіз. Сондықтан соттар үшін ақтау сипатындағы сот актілерінің санын арттыру басты мақсатқа жатпайды. Бірақ барынша әділ шешім шығару, кінәлінің жазасын сезінуі басты мақсат екені даусыз. Әр қылмыстық істі тергеу және үкім шығару кезінде алдымен прокуратура органдары, содан кейін ғана соттар сүзгіден өткізіп, жан жақты жұмыстар жүргізіледі. Судья кез келген істі қараған кезде алдымен айыпталушыға тағылып отырған кінәні дәлелдейтін айғақтардың жеткілікті болуына баса назар аударады. Нәтижесінде кей істер бойынша заң айыпталушының жағына шығып, ақтау үкімін шығаруға негіз туындайды.

Судьялардың жауапкершілігін арттыру, сот қателіктеріне жол бермей және бірыңғай сот практикасын қалыптастыру үшін талқылауларды жиі өткізіп тұрудың маңызы зор. Соттардың баспасөз қызметтері ақтау үкімдерін көпшілікке дұрыс жеткізу мақсатында ақпараттық желілерде баспасөз хабарлармаларын таратуда. Бұл жұмыстар қоғамның, оның ішінде адвокат, заңгер, прокурорлардың біліктілігін арттыруға, біркелкі тәжірибесін қалыптастыруға әсер етеді.

Үкім – бұл кеңесу бөлмесінде сотталушының айыпты не айыпты еместігін, оған жаза қолдануды немесе оны қылмыстық іс жүргізуден босатуды шешетін сот шешімі. Қазақстан Республикасындағы соттар мемлекет атынан үкім шығарады. Сот үкімі сотқа қандай болмасын ықпал ету мүмкіндігін болдырмайтын жағдайда кеңесу бөлмесінде шығарады. Жоғары лауазымға ие судья әрбір сот актісін заңға, өз сеніміне және біліміне қарай шығарады. Ал әр сот актісінің артында әр адамның тағдыры жатыр. Сондықтан үкім қандай болса да, бастысы, заңды болуы керек.

Шабан Юльчибей Турсиналиұлы, Алматы қаласы Бостандық ауданы №2 сотының бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы.

Сот актісін түсіндіру сенімді нығайтады

Сот саласын дамытуда азаматтардың қосар үлесі қомақты. Міне сондықтан...

Ашықтық сыбайлас жемқорлықтың алдын алады

Сыбайлас жемқорлық – өркениетті ел болуға қадам басқан кез...

Судья көмекшісі институтын енгізу – бүгінгі күн талабы

Сот саласы жаңа реформалардан, жаңа жобалар мен бастамалардан кенде...

Заң мен тәртіп басты орында

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру – біздің еліміздің...

Жаңа сот сатысы – кассация

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде жаңа сот сатысы...