«Үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы рөлі» атты диалог өткiзiлді

13-қазан күні Казталов аудандық орталықтандырылған кітапханада аудандық дербес бөлім басшыларының, аудандағы белсенді жастардың, қоғамдық бірлестік жетекшілері және №1 Казталов аудандық пробация қызметімен, пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасына сотталғандардың қатысуымен «Үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы рөлі» атты диалогтың алаң отырысы өтті.

Аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Мұқағали Шоқпанов ауданымыздағы үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және олардың бүгінгі күнде атқарып жатырған жұмыстары турасында кеңінен сөз қозғап жиынға қатысушыларды ашық диалог алаңына шақырды.

Бүгінгідей түрлі мәдениеттер тоғысқан алмағайып заманда отбасы институтын сақтап қалу үшін жұмыла жұмыс жасау қажеттігін айтты. Осы орайда қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың жұмысы тек есеп үшін емес, ел үшін қызмет ету керектігін жеткізді. Отбасы құндылығы турасындағы өзекті тақырып көтерілген жиын жастар көңілінен шығып, рухани азық сыйлады.

БҚО бойынша «ҚАЖД N.1 Казталов аудандық пробация қызметiнің аға инспекторы
әділет капитаны С.К.Байдуллин

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

Инвестиция в будущее

ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ФАКТОР АДАПТАЦИИ РЫНКА...