18 наурызда Үкіметтің кезектен тыс отырысы өтеді. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру барысы талқыланады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бірқатар маңызды міндет қойды, олардың орындалу тетіктері 18 наурызда өтетін ҚР Үкіметінің кезектен тыс отырысының басты тақырыбы болады», — делінген хабарламада.


