Әкімдіктердегі сыбайлас жемқорлық: өңірлер бойынша рейтинг жасалды

Ranking.kz сарапшылары 2022 жылдың қаңтар-шілде аралығында әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын санап, сыбайлас жемқорлық қай өңірлерде жиі кездесетінін анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші жартыжылдықта мұндай құқық бұзуға әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің 91 қызметкері жол берген. Бұл кейінгі жылдардағы рекорд көрсеткіш. Мәселен, 2021 жылдың дәл осы кезеңінде 87 жемқор шенеунік ұсталған.

Айта кетейік, дәл 2021-2022 жылдары сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған әкімдік қызметкерлерінің саны былтырғы көрсеткіштерден айтарлықтай артқан. Салыстыру үшін: 2020 жылдың осы кезеңінде – 11 құқықбұзушы, 2019 жылы – 23, 2018 жылы – 22.

Сыбайлас жемқорлық баптары аясында әкімдіктердің барлық қызметкерінің көпшілігі мына жағдайлар үшін жауапкершілікке тартылған:

  • сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру (ҚК 189-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) — 28 адам;
  • пара алу (ҚК-ның 366-бабы) – 26 адам;
  • пара беру (ҚК-ның 367-бабы) – 19 адам;
  • алаяқтық (ҚК-ның 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) – 14 адам.

Өңірлер бөлінісінде Түркістан облысы бойынша әкімдіктер қызметкерлерінің басым бөлігі сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзғаны үшін ұсталған – 13 адам.

За два года в Казахстане модернизируют 124 железнодорожных вокзала: уже обновлены 36 объектов

В рамках реализации задач, поставленных Главой государства по развитию...

Твой голос — твои правила: почему референдум-2026 станет главным экзаменом для нового поколения

Политобозреватель Газиз Абишев в ходе экспертной платформы КИСИ «Конституционная...

Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі...

Ұлттық орталық музейде Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде көрнекті қазақстандық суретші, ауқымды...