Кімдерге жеке кәсіп ашу қиынға соғуы мүмкін – Вице-премьер түсіндірді

Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелу кезінде қандай азаматтар қиындықтарға тап болуы мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, салықтық қарызы бар немесе салық заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтарға ЖК ашу қиын болуы мүмкін.

«Егер салықтық берешегіңіз болса, немесе салық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапқа тартылған болсаңыз, онда жеке кәсіпкерлікті тіркеу сіз үшін біршама күрделі процесс болады», – деді Жұманғарин Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап бере отырып.


Сонымен қатар, ол бұрын тіркелген немесе әрекетсіз тұрған ЖК-сы бар азаматтарға да қосымша әрекеттер қажет болатынын атап өтті.

«Егер бұрын тіркелген немесе әрекетсіз (жұмыс істемей тұрған) ЖК болса, оны не жабу керек, не қайта іске қосу керек. Біз бұл процесті салық органдарының назарына іліккен тұлғалар үшін тым оңай етуге болмайды деп есептейміз», – деп түсіндірді вице-премьер.


Аталған ережелер жаңа Салық кодексінің жобасына енгізілген. Бұл кодекстің алғашқы оқылымы 9 сәуір күні Мәжілісте қабылданды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.