12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кімдер қатерлі ісікке жиі шалдығады?

Ғалымдар қатерлі ісікке шалдығатындар арасында әйелдерге қарағанда ерлер көп екенін анықтады. Мұның себебі ер мен әйелдің биологиялық ерекшелігі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta басылымына сілтеме жасап.

АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институтының ғалымдары 1995 жылдан 2011 жылға дейін 50 мен 71 жас аралығындағы 171 274 ер адам мен 122 826 әйелдің қатерлі ісік ауруының 21 түрінің қаупінің айырмашылығын бағалады. Осы уақыт ішінде ерлер арасында — 17 951, әйелдер арасында 8 742 жаңа қатерлі ісік ауруы тіркелген.

Осылайша, ерлер арасында қатерлі ісік ауруының даму қаупі әйелдерге қарағанда орта есеппен 3,3-10,8 есе көп болған. Мысалы, өңеш қатерлі ісігінің қаупі — 10,8 есе, көмей ісігі — 3,5 есе, асқазан — 3,5 есе, қуық ісігі  3,3 есе көп.

Зерттеу нәтижесі бойынша, ер адамдардың қатерлі ісіктің кез келген түрін жұқтыруға бейім келетіні анықталған. Олар тіпті мінез-құлқын түзеп, аурудың даму ықтималдығын арттыратын факторларды (темекі шегу, алкоголизм) қойған күнде де бұл көрсеткіш төмендемеген. Ғалымдар оның себебі жыныстық айырмашылықта болуы мүмкін деп болжайды.

Зерттеушілер қатерлі ісік қаупімен байланысты жыныстық айырмашылықтардың себептерін зерттеуді жалғастырады, бұл аурудың алдын алу мен емдеуді жақсарту үшін маңызды ақпарат бере алады.

КАЗАХСТАН — В ПЯТЕРКЕ СИЛЬНЕЙШИХ СТРАН МИРА ПО ПОЖАРНО-СПАСАТЕЛЬНОМУ СПОРТУ

 В Королевстве Саудовская Аравия завершились XX Чемпионат мира среди...

Алматы қаласында балалар үйі тәрбиеленушілері арасында спартакиада өтті

Алматы қаласында балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында «Жанұя» мамандандырылған кешенінің...

В Алматы прошла спортивная спартакиада среди воспитанников детских домов

В Алматы на базе специализированного комплекса для детей-сирот «Жанұя»...

В Алматы прошла диалоговая площадка  «Молодежь новой эпохи»

В Алматы состоялась диалоговая площадка «Молодежь новой эпохи»,  было...

Алматыда «Жаңа дәуір жастары» атты диалог алаңы өтті

Алматы қаласында қала жастарының қатысуымен «Жаңа дәуір жастары» атты...