spot_img
spot_img

«Киллерге» айналған жігіт

-Күдікті Асанов, өзіңіздің кінәлі екеніңізді мойындайсыз ба?

-Иә, мойындаймын.

Сот төрағасы « шешім қабылданды» деген белгі ретінде ағаш балғасын соғуы сол-ақ екен, бәрі орнынан тұрды.

-Күдікті Асанов, бірнеше ірі мекемелердің басшыларының өліміне тікелей қатысыңыз бар болғаны үшін кінәлісіз. Жиырма жыл бас бостандығыңыздан айырылдыңыз. Соңғы айтар сөзіңіз?

-Бәріне кінәлі – тағдыр! – деді жігіт.

Төраға: «Сотталушыны абақтыға жабыңыз!» — дегенде, қара торы жігітті үлкен сот залынан алып кетті.

Енді, тепсе темір үзетін, жүрегі жалындап тұрған жас жігіттің жарты өмірі суық тордың ар жағында өтеді. Жас жігіт өз өміріне балта шауып, еркіндіктен айырылды.

Бұл шулы оқиғаны газет-журналдар жарыса жаза бастады. Өйткені, аты елге жайылған «киллер» қолға түсті. Газет беттеріне қазақ жігітінің «киллерге» айналу әңгімесі басылды. Әр басылым өзінше жазады, бірақ қайсысы шындық? Кінәлі жігіттің сырын тек бір ғана жан біледі. Газет бетінде жарияланған сотталушының суретіне мұңды көздермен қараған сұңғақ жігіт сабырлы қадаммен теңізге жақындады. Тас шетіне отырып, теңізге сыр ашты.

Ол кезде Нұрлан алты жаста, ал ағасы Асқардың жасы сегізде болатын. Екеуі ата-анасының еркелері. Бір күні екеуі далаға шығып ойнап кетеді. Осылай ойын қуып жүріп, үй жағынан оқ дауысын естиді. Дауыстан шошып, үйге жеткенше асығады. Жүгіре-жүгіре үйлеріне де жетті. Үй жанында қара көлік, ал оның қасында темекісін бұрқыратып тұрған қара киімді жігіттер. Біраздан кейін үйден тағы екеуі шығып, көлікке отырып жүре жөнелді. Екі бала әлгілер кете салысымен аула ішіне асыға ұмтылды. Ішке кірсе ешкім жоқ. Кенеттен еденде құлап жатқан ата-анасын көрген Нұрлан бар даусымен айқайлап жіберді. Оның даусын естіген Асқар да жанына жетіп келді. Екеуі қорыққанынан үндері шықпай, не істерін білмей, өліктерге селқос қарап ұзақ тұрды. Қанша уақыт тұрғаны белгісіз, балаларға мәңгіліктей болып көрінді. Жүректері де, уақыт та тоқтап қалғандай. Енді ешқашан өз қалпына түспейтіндей, өз ретімен жүрмейтіндей…

«Бізді неге тастап кеттіңдер? Кімге қалдырдыңдар? Әкешім, анашым! Өлмеңдерші! Сіздерден өтінемін, ояныңдар!» — деп өкіре жылаған інісіне қарап, Асқардың ойы сан-саққа жүгірді. Көз жасын сүртіп: «Мен енді қалай да, мама мен папаның өліміне жауапты адамды табуым керек, жер астынан болсын табамын. Ол жауыз адамдардан өшімді алмай өлмеймін»,-деді жәй ғана.

Кек алуды ғана мақсат еткен Асқар өз өмірінің дұрыс болмайтынын біле Нұрланның жанында қала алмайтынын түсінді. Інісін жалғыз қалдырғысы келмейді, бірақ басқа жол да жоқ. Із суытпай қылмыскерлерді табуға асыққан ол үйден шығып, жоқ болды.

Арада бірнеше жыл өтті. Нұрлан балалығын жетімдер үйінде өткізеді. Кәмелет жасына толған соң ол жақтан шығып, қоғамға араласады, мемлекеттік қызметке орналасады. Адал еңбек етіп күн көреді. Ағасын ойлайды, іздейді, бірақ табатынына сенімсіз.

Ал Асқардың өмірі мағынасыз еді. Үйден кеткеннен кейін қалаға келген екен. Тамақ табу үшін жасамағаны қалмаған. Кейін бұзақы балалармен достасып, жағымсыз әдеттерге бой алдырып, теріс жолға түседі. Темегі шегіп, ішімдікке үйір болып, қолға қару ұстауды да үйренеді.

Асқар алыстан көздеп, оғын діттеген жеріне дәл тигізетін. Бұның бәрі оған ұзақ жаттығулар арқасында келген. Жігіттікке жеткен ол балалығын жоқ еткен қанды оқиғаны ұмытпаған, кек аламын деген беттеуінен де қайтпаған. Қолына қару алуына да себепкер болған бірден бір нәрсе осы еді. Ата-анасын өлтірген кісілердің бірінің беті түгелімен қал болған. Асқар үшін осы белгі қылмыскерлерді табуға көмектесер жалғыз айғақ еді.

Жігіттің мергендігі көпке аян болып, оған адам өлтіруге тапсырыс беретін болды. Ал ол үшін бай адамдардың ортасына енуге апаратын жол осы ғана еді. Тапсырыс алады, бірақ кінәсіз жандарға қаруын жұмсамайды.

Бірде оған қоңырау шалып, кезекті тапсырыс келіп түседі. Өздерінің заңдары бойынша олар адам атын атамай, суретін ғана көрсетеді. Сол ережеге сай суретті алып қарай бергені сол еді, сол баяғы бала кезінде көрген, жүрегінде шегедей қадалып сақталған адамды көреді. Аздап қартайғаны болмаса сол түрі сақталыпты. Мұрнынан бастап оң бетіне жайылған қал да тұр. Сенерін де, сенбесін де білмеген ол бұл жұмысты ақысыз жасап беретінін айтты. Іздестіріп көрсе, әкесінің жақын танысы екен. Досының бір құпиясын естіген әкесі оған өзің беріл, жазаңды өте деген көрінеді. Айтып қояр деп қорыққан қалды алып шаруаны тырдырмақ болып үйіне келіп, досын өлтіреді. Сол кезде қос баланың анасы да жұмыстан келіп қалып, бар жағдайға қанық болады, содан оны да өлтіруге тура келеді. Балалық шақтағы қорқынышты оқиғаның бар себебі осы ғана екенін білген Асқар ата-анасының болмашы нәрсе жолында құрбан болғандарына, сол үшін жалғыз бауырынан айырылысып кеткеніне қатты өкінді. Ұзақ ойланып отырды да, шаруаны тез бітіргісі келіп, қағазда жазылған мекен-жайға тартып отырды. Осылайша, армандаған кекті қайтарды. Осыдан кейін ғана ата-анасының басына барды, өйткені ол өзінің перзенттік парызын орындағандай болды. Бірақ інісін табуға талпынбады. Қанды қолымен інісін құшақтауды өрескел санады, өзін лас көрді.

Көп ұзамай жасаған қылмыстарын мойнына алған Асқар өзін әділ сот қолына тапсырды. «Киллер» жігіттің тағдыры осылай аяқталды…

Ханым Қуатова Орынбайқызы

[ratings]

ӘЗ-НАУРЫЗДА ТӨГІЛГЕН НӘРЕСТЕНІҢ БЕЙКҮНӘ ҚАНЫ

«Счастье всего мира не стоит одной слезы на щеке...

Қаралы сырлар

Кешкі сағат сегіздер шамасы. Аспанды көмкерген қалың бұлттанба, жоқ...

ҚОРҚАУЛАР

...Елді қарық қылмай, сананы сансыратқан нарық заманы қысқан сәтте,...

Риэлторы

Эта драматическая история произошла осенью в начале 2000-х. Группа...

САБЫР ИЗ «УБОЙНОГО»

ВЫСТРЕЛ У ПОДЪЕЗДА Время на панели автомобиля высвечивало 05.10,...