Киевте Зеленский отырған кортеж жол апатына ұшырады

Киевте  Украина президенті Владимир Зеленскийдің кортежі апатқа ұшырады. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Сергей Никифоров мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Украинская правда» басылымына сілтеме жасап.

«Киевте жеңіл көлік Украина президенті отырған кортежбен соқтығысты. Мемлекет басшысымен бірге жүрген дәрігерлер көлік жүргізушісіне шұғыл көмек көрсетіп, оны жедел жәрдемге тапсырды. Ауыр жарақат алғандар жоқ. Президент те дәрігерге қаралды, қорқатындай жарақаттар жоқ. Тәртіп сақшылары жол апатының барлық мән-жайын анықтайды», — деп жазды Никифиров Facebook парақшасында.

Еске салайық, 14 қыркүйекте украиналық ақпарат құралдары Владимир Зеленскийдің Украинаның Харьков облысындағы Изийум қаласына келгенін хабарладған болатын.

ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН EMBA МАГИСТРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Абай университеті еліміздегі әйелдер қауымының көшбасшылық әлеуетін арттыруға бағытталған...

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Ақпараттық қауіпсіздік мәдениеті ұлттық қорғаныс мәселесі болуы тиіс

Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңа технологияға бейімдеу керек деген...