12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Киберқылмыс ұғымының теориялық сипаттамасы

Компьютерлік технологияларды қолдану саласындағы қылмыс (киберқылмыс) – қазіргі  заманғы компьютерлік технологияларды енгізу және дамыту деңгейіне, оларды жалпы қолдану және оларға рұқсат беруге тікелей тәуелді деңгей болып табылатын халықаралық маңызды құбылыс. 

Киберқылмыс  – ақпараттық технологияларды пайдаланумен жасалатын, қылмыстық-жазалау әрекетін көздейтін қылмыс түрі. 

Киберқылмыскердің негізгі мақсаты әртүрлі үдерістерді басқаратын компьютерлік жүйе және онда таралатын ақпарат болып табылады. Оның арсеналы – ақпараттық қару, желіге ену, программалық жасақтаманы бұзу және модификациялау, ақпаратты рұқсатсыз алу және компьютерлік жүйенің жұмысын уақытша тоқтатуға қолданылатын барлық құралдар.  

Киберқылмыс

Біріншіден, қазіргі заман талабына сай ақпараттық және компьютерлік технологиялардың дамуына байланысты олардың функционалдық мүмкіндіктері де өсе түсуде, ал бұл өз кезегінде киберқылмыстар деректерін табу процесін қиындатады. Қылмыстың басқа дәстүрлі түрлеріне қарағанда киберқылмыстан зардап шеккендер көп жағдайда қылмыстық қол сұғушылыққа тап болғандарын сезбейді, немесе қылмыс байқалған кезде құқық қорғау органдарына ол туралы хабар өте кеш түседі.

Екіншіден, киберқылмыстарға байланысты қылмыстық істер бойынша анықтау және тергеу істерін жүргізетін мамандардың көбіне техника саласынан білім деңгейлері жеткіліксіз болады.

Үшіншіден, көптеген компьютер жүйелері мен желілерінде қорғаныс жүйесі төмен немесе мүлдем жоқ, ал мұндай жағдайда қылмыстық әрекеттің табыспен аяқталуы және “байқатпай кетіп қалу” мүмкіндігі зор.

Төртіншіден, өз фирмалары мен кәсіпорындарының беделін ойлайтындар бұл туралы көпшілікке жария етуді, заң орындарына белгілі себептермен құқық қорғау органдарына хабарлауды артық санайды.

Желідегі шабуылдар, пластикалық төлем карточкаларымен алаяқтық, банктік шоттардан қаражат ұрлау, корпортативтік тыңшылық, заңсыз порнографиялық материалдарды тарату – бұл киберқылмыскерлердің Интернет желісінде жасап жүрген қылмыстарының тек бірнешесі ғана. Мұндай құқық бұзушылық әрекеттер басқа көптеген әлем елдеріне ғана емес, сонымен қатар біздің мемлекетке ұлттық қауіпсіздіктің жасаушысы – ақпараттық қауіпсіздікке қатер төнгізетін маңызды қоғамдық қауіп-қатерлерді құрайды. 

Мемлекеттің ұлттық инфрақұрылымы бүгінде заманауи компьютерлік технологияларды қолданумен тығыз байланыста. Мемлекеттің ақпараттық жүйелеріне компьютерлік шабуыл жасау мен қарақшылық әрекетті жүзеге асыру әдісі ретінде қолдану қаупі артуда. Энергетикалық және банктік жүйелердің, әуе көлігін басқарудың, көліктік жүйенің, тіпті жедел медициналық көмектің күнделікті қызметі автоматтандырылған электронды-есептеуіш жүйелердің сенімді және қауіпсіз жұмыс жасауына толығымен тәуелді.

Соңғы кезде киберқылмыс террористік мақсатта да кеңінен қолданылуда, яғни компьютерлік жүйелер мен желілердің көмегімен мемлекеттік органдарға, корпорацияларға немесе жалпы ел халқына қарсы террордың анағұрлым ыңғайлы әдісі болып табылады. 

Киберқылмыстың арту себебін былайша түсіндіруге болады:

  • кибертерракт жасаған осы мақсат үшін қару сатып алғаннан арзанырақ;
  • жасырын қалудың қамтамасыз етілуі;
  • шабуыл жасау үшін объектілердің көп саны;
  • қашықтан жасалу мүмкіндігі;

кәдімгі терроризммен салыстырғанда өте көп адамдарға әсер етуі.

Жезқазған қаласының мамандандырылған 

тереу сотының аға сот приставы 

Т.И.Алдабергенов 

Мемлекеттік тілдің сот істерінде қолданылуы

Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілін меңгерумен қатар, іс қағаздарынмемлекеттік тілге...

Сот кабинеті жүйесінің қолданылуы және оның тиімділігі

Сот кабинеті – сот ісін жүргізуді жеңілдету және оны...

«Тіл – ұлттың тірегі»

         Мемлекеттік тіл еліміздің егемендігі мен біртұтастығының нышаны, ұлттық мәдениет...

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жауапкершілігі

Қылмыстық кодекстің талаптарына сай, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта...

Экстрадициялық қамақты санкциялаудың маңызы зор!

Экстрадициялық қамақты санкциялау — бұл халықаралық құқық саласындағы маңызды...