KGIR-2025: Астанада Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел өтті

Бүгін Астанада Қазақстанның негізгі инвестициялық форумына айналған KGIR-2025 – Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел өтті. 2017 жылдан бері жыл сайын еліміздің Премьер‑министрі басшылығымен өткізіліп келе жатқан бұл шара – мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен халықаралық бизнес қауымдастығының инвестициялық алаңы болып қалыптасқан.

Осы уақыт ішінде форум мемлекет пен халықаралық инвестициялық қауымдастық арасындағы диалогқа арналған беделді алаң ретінде танылып, үкімет өкілдерін, бизнес көшбасшыларын, халықаралық ұйымдар мен даму институттарын біріктіріп келеді.

KGIR-2025-тің негізгі тақырыбы — «Трансформация дәуіріндегі жаңа шешімдер: Қазақстан – тұрақты экономикалық дамудың орталығы». Қатысушылар жаһандық сын-қатерлер мен инвестициялық мүмкіндіктерді, болашақ тұрақты экономикаларды қалыптастырудағы Қазақстанның рөлін, инфрақұрылым, өнеркәсіп, энергетика, технологиялар және жасыл экономиканың дамуы талқыланды.

Форум тәжірибе алмасуға, жобаларды таныстыруға және Қазақстанның дамуы және инновациялардың өңірлік хабы ретіндегі рөлін нығайтатын шешімдер қабылдауға арналған алаңға айналған.

Әскери соттардың соттылығы: Жаңа құқықтық өзгерістер

Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери...

Әскери сот шешімдерін халықаралық деңгейде тану: Апостиль қоюдың заңдық негіздері мен тәртібі

Қазіргі жаһандану заманында азаматтар мен әскери қызметшілердің шетелдік мемлекеттермен...

Алматыда QASQYR CUP медиа аударыспақ турнирі өтті

Алматыда қазақтың ұлттық спорты аударыспақты кеңінен насихаттауға арналған QASQYR...

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Қарттар күні мен Ұстаздар күніне арналған тағылымды шаралар Қазан айы...

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және мемлекеттік...