Бүгін «Nur Otan» партиясы Сарысу аудандық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясы өтті.
Аталған конференцияның күн тәртібінде партия аудандық филиалының төрағасын сайлау, Саяси кеңес мүшелеріне өзгеріс енгізу және партияның бағдарламасын бекіту, пікірсайыс қорытындылары бойынша кандидаттар үшін дауыс беру, Сарысу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту және Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясына делегаттарды сайлау мәселелері қаралды.
Аудандық конференцияға Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Жанбекұлы Нарбаев қатысты.
Конференция аудан әкімі Бақытжан Жақсылықовтың аудандық партия төрағалығына сайлануымен басталды.
Маңызды жиын барысында облыстық мәслихатқа үміткер кандидаттар арасында пікірсайыс өтті.
Пікірсайысқа қатысатын кандидаттар тізімі Primaries.kz порталында жарияланды. Үміткерлер пікірталас барысында өз бағдарламаларын баяндай отырып, ұсынылған мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап берді.
Бұл орайда, қазіргі қоғамда орын алып жатқан көптеген мәселелер талқыға салынды.
Келесі кезекте, арнайы бөлмеде арақашықтықты сақтай отырып, 5 кабинаға компьютерлер орнатылып, кезек кезегімен дауыс беру мүмкіндігі ұсынылды.
Конференция барысы партияның аудандық филиалының фэйсбук желілердегі аккаунтарында тікелей эфирде көрсетілді.
Қазіргі таңдағы эпидемиялогиялық жағдайға байланысты сақтық шаралары толықтай сақталып ұйымдастырылды.