«Әкесінің тағдырын қайталады». Ұшақ апатында мерт болған ең жас лейтенант туралы әріптесі айтып берді

Алматыдағы ұшақ апатында көз жұмған ең жас әскери қызметкердің өмірі туралы бұрынғы әріптесі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сілтеме жасап.

25 жастағы аға лейтенант Мұхтар Сағымбаевтың өмірі әкесінікіне ұқсас болды дейді келіншек. Осылайша лейтенанттың бұрынғы әріптесі тың деректермен бөлісті.

«Ол бала 25 жаста, үйленбеген. Мұхтардың әкесі де тура осындай ұшақ апатынан 20 жыл бұрын қайтыс болған. Әкесі шекара авиациясында қызмет атқарып жүріп, 2001 жылы ақпан айында мерт болды. Енді баласы да әкесінің тағдырын қайталап отыр», — деді ол.

Оған қоса, Мұхтар Сағымбаев анасы алған ипотека бойынша банкке қосымша қарызгер болған.

Еске салсақ, 13 наурызда Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында ұшып шыққан ҰҚК әуе қызметінің АН-26 ұшағы апатқа ұшырады. Бортта болған 6 жолаушының 4-і қайтыс болды. Алматы маңындағы ұшақ апатының үш негізгі себебі айтылды. Бүгін Ан-26-ның «қара жәшігі» тексеруге жіберілді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде оңалтудан кейінгі күйзелістің алдын алу мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Под единым шаныраком

ВЕКТОР ИСТОРИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА НЕИЗМЕННО ОПИРАЕТСЯ НА ЕГО ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...