12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кешірші, ана!

Ерсайын ауданға белгілі ауқатты отбасының жалғыз баласы. Кішкента­йы­нан тәйт дегенді білмей өскен баланың жегені алдында, жемегені артында. Қатарластары арасынан алғашқы болып су жаңа шетелдік көлікті де тізгіндеген өзі. Темір тұлпарын мақтаныш көретін ол талай рет жол шетінде көлік тоқтатып тұрған жас-кәріні шаңның астында қалдырып, күн суықта жолдың балшығына батырып кететін. Кейіннен ащы судан ұрттап, төбелестің ортасында жүретінді шығарды.

Шіліңгір  шілденің кезі. Ел жатпаған уақыт. Дүкен жанында Базарбай мен Рахым болмашы дүниеге керілдесіп, жаға жыртыса кетті. Бірақ, ортаға арашашылар түсіп, ерегіс тез басылған. Бірақ дау бітпепті. Екеудің текетіресі Ерсайынның құлағына жетіп, бұл әңгіме оны үйде тыныш жатқызбады. Себебі, кезінде оның  ұнатқан қызы Ерсайынды емес, дәл осы Рахымды таңдаған еді. Содан бері оның атын естісе, кірпіше жиырылатын әдет тапқан. Сыныққа сылтау деген осы. Осылайша, бір топ жігіт Рахымның тобымен сөйлесеміз,  оларды орнына қоямыз деген ниетпен аудан  шетіндегі қараусыз жатқан ескі ғимаратқа жиналуға сөз байласты. Қарсыластарына сес көрсеткісі келген Ерсайын үйінен аңшы мылтығын да ала шыққан. Бес қаруын сайланып бұл жеткенде екі топтың жігіттері жиналып, өзара қауқылдасып тұр екен. Алайда, топқа қосылмай-ақ мәселені шешкісі келген жігіт қаруын асығыс оқтап жиналғандарға қаратып екі рет атты. Мылтықтың даусы не деген ащы еді. Атарын атып алып өлердей қорыққан Ерсайын жиналғандардың өзіне қарай жүгіріп келе жатқанын көргенде одан бетер қорқып, қаша жөнелген. Алдынан шыққан Манарбекке мылтықты жасыруды тапсырған ол лекіте атқан оғының Рахымға тигеніне күмәнданбаған. Ал, Манарбек болса қолындағы қаруды қайда жасырарын білмей абыржып, қоқыс арасына сүңігіте салды.

Ажал

Мылтық даусымен қатар, шыңғыра шыққан ащы дауыс сол түннің тыныштығын бұзып, тұрғындардың тынышын бұзды. Өкініштісі сол, қаңғыған оқ екі жасөспірімге тиіп, бірі басынан, енді бірі белінен жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Сабыр ауруханаға дер кезінде жеткізілгенмен, ақ халаттылар ажалға араша тұра алмады. Осылайша тып-тыныш жатқан шағын аудан бір сәтте азан-қазан болып, Сабырдың артында боздап анасы, аңырап туған-туысы  қалды. Бірақ, Рахым дін аман, тіпті, Ерсайынның атқан оғының ұшқыны да тимеген. Ел енді не болар екен деп күтіп жүргенде «Ұсталыпты жазған бала»,– деп Күлбибі бір жаңалықтың шетін шығарды. Енді не болмақ?

Оқиға орнынан айғақ зат ретінде бытыра, көлік тұтқасы, бөтелкелер, кепка, қан үлгілері, көліктерден қол іздері, сөмке алынып, тергеу жұмыстары басталды. Басты күдіктінің қолына кісен салынды. Өң мен түстің ортасында жүрген әке-шешеден ес кетті. Ерсайынның әкесі облыстан «мен деген» қорғаушыны алдырды. Алайда, қорғаушы Ерсайынның үстінен Қылмыстық кодекстің 24, 99, 287-баптарымен іс қозғалғанын, адам өлімінің болғанын алға тартып, үміттің аздығын ескертті.

Бүгін Сабырдың жеті күндік садақасы. Баласының ертеңіне қорыққан әке-шеше қол ұстасып, Сабырдың үйіне жақындады. Ел-жұрт сырттарынан сықылықтап, «қанішердің әкесі мен шешесі» деп қолдарын шошайтып тұрғандай екеуі де кірерге тесік таппай келеді. Есіктің сыртынан марқұмның шешесі қарсы алып, үйге аттап бастырмады. Ерсайынның әкесін жағасынан алып, теріс тәрбие бергені үшін кінәлап, баласын қарғап-сіледі. Иә, кім-кімге де бауыр еті баласынан айырылу оңай емес. Сөз арасында кешірмейтінін, соттан ең ауыр жаза сұрайтынын жеткізді ана жүрек. Ерсайынның әкесінде үн жоқ, құдды бір құлағы керең болып қалғандай.

Тергеу

Тергеу жұмысы ұзаққа созылды. Сабырдың туғандары тергеудің «сағызша созылғанынан» секем ала бастаған. Не дегенмен құрығы ұзын бәле ғой. Тергеушінің алдына келген Манарбек қорыққаннан аузы-аузына жұқпай, сайрай жөнелді. Бар ойы жазасын жеңілдету. Бәрін бүкпесіз айтып, өз еркімен мылтықты да әкеп берді. Тергеу кезінде жәбірленушілерден бөлек жиырма шақты жігіттен жауап алынып, кезек басты күдікті Ерсайынға да келген. Ол  сумкадан бірінші болып қаруды алып, алға қарай жүгіргенін, екі топқа бөлінген жігіттердің бір-бірімен төбелесіп, біреулері құлап, біреулері қашып бара жатқандарын, өзіне қарай біреулердің жүгіріп келе жатқанын көріп, оларды тоқтатайын деген оймен мылтықтан екі рет оқ атып, қашып кеткенін айтып берді. Сол сәт өзегін өкініш кернеп, расымен бостандықтың таңы бітіме деп аласұрды Ерсайын.

Көптен күткен сот отырысы. Бәрінің көкейінде бір сұрақ. Сабырдың өлімі үшін «байдың баласы» қанша жыл арқалар екен? Судья соттың үкімін оқыды. Аязбаев Ерсайынға 11 жылға бас бостанығынан айыру жазасы, Сабыров Манарбекке 2 жыл шартты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.       

Сот залында Ерсайынның айтқан соңғы сөзі «Кешір ана» болды. Жалғызынан тірілей айырылған ана ащы өксігін баса алмай сот залында  ұзақ жылады. Бірақ, оны аяған ешкім жоқ. Себебі, «заң алдында хан да бір, қара да бір».

Нұршат ӨТЕУЛИЕВА,

Маңғыстау облыстық соты ақпараттық

 қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

ӘЗ-НАУРЫЗДА ТӨГІЛГЕН НӘРЕСТЕНІҢ БЕЙКҮНӘ ҚАНЫ

«Счастье всего мира не стоит одной слезы на щеке...

Қаралы сырлар

Кешкі сағат сегіздер шамасы. Аспанды көмкерген қалың бұлттанба, жоқ...

ҚОРҚАУЛАР

...Елді қарық қылмай, сананы сансыратқан нарық заманы қысқан сәтте,...

Риэлторы

Эта драматическая история произошла осенью в начале 2000-х. Группа...

САБЫР ИЗ «УБОЙНОГО»

ВЫСТРЕЛ У ПОДЪЕЗДА Время на панели автомобиля высвечивало 05.10,...