12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кенетауда 30 сотталған тұрақты жұмыспен қамтылды

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Кентау қалалық прообация қызметі мен қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен қалалық пробация қызметі бөлімінің есебiнде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотты болған азаматтарды жұмысқа орналастырды.

Жұмыссыздақтың салдары адамдарды көбінесе қылмысқа итермелейтіні белгілі. Осы орайда Түркістан облысы бойынша Кентау қалалық Пробация қызметі есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандар саны он пайызға азайды.

Атап айтар болсақ, Кентау қалалық пробация қызметінің қызметкерлері есепте тұрған жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа тұрғызу жұмыстарын жүйелі түрде атқарып келеді. Мәселен, Кентау Пробация қызметі отыз сотталғанды тұрақты жұмысқа орналастырды. Ал, осы он сотталғанның 8-і тұрақты жұмысқа ораналасты. Атап өтер болсақ, 1 сотталған азамат — «АО«Кентау трансформатор зауытына жұмысшы болып, ««Оңтүстік Жарық Тарнзит» ЖШС-на 2 сотталған қарауыл, бес сотталған Кентау Сервис» ЖШС-на жұмысшы болып жұмысқа орналасты.

Ұлтық жобасы аясында мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен тұрақты және уақытша жұмыспен 19 сотталған қамтылды. Атап айтқанда, жастар практикасына 1 адам, «Бизнес бастау» онлай оқыту 5 адам, қоғамдық жұмыс орындары 9 адам, алғашқы жұмыс орындары 1 адам, мемлекеттік грант 1адам, тұрақты жұмыс орындары 2 адам орналасты. Сонымен қатар, мүгедектерді жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін бекітілген квотаның орындалуы бойынша Түркістан облысының адами әлеуметті дамыту басқарамсының «Дарын» мамандандырылған мектеп-инетернеты коммуаналдық мемлекеттік мекемесіне 1адам квота бойынша тұрақты жұмысқа жолданды.

Ал 2021-2025 жылдарға арналған Ұлтық жобасы аясында мемлекеттік бағдарламасында жалпы 230 адам жұмысқа орналастыру жоспар болған. Алайда, екі жылдың ішінде 427 еңбекке жарамды мүмкіндіктері шектулі азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылды. Атап айтқанда, әлеуметтік жұмыс орындарына 28 адам, жастар практикасына 10 адам, «Бизнес бастау» онлай оқыту 155 адам, қоғамдық жұмыс орындары 102 адам, қысқа мерзімде оқумен кетке 3 адам, мемлекеттік грант 23адам, тұрақты жұмыс орындарына 106 адам ораналсты.

Біз қазіргі таңда Кентау қалалық пробация қызметімен бірлесіп, сотталған азаматтарды квота бойынша жұмысқар орналастырудамыз. «Уақытша ақылы қоғамдық» жұмысқа орналасты, оларға мемлекет тарапынан айына 66 000 теңге көлемінде жалақы төленіп отырады. Ал, «Жастар практикасы» мен «Алғашқы жұмыс орнына» Мемлекет тарапынан оларға айына 30 МРП төленеді. Сондай-ақ, олар 1 жыл Жұмыспен қамту орталығының жіберген мекемесінде жұмыс жасап, отбасына көмектесуге мүмкіндігі бар. Егер, жұмысшы сол мекеменің талабына сай болса, мекеме басшылығы тұрақты жұмысқа қабылдай алады. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтарды және білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмыспен қамту квотасы да берілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 1 адам, жастар практикасына 1 адам, қоғамдық жұмыс орындары 1 адам, тұрақты жұмыс орындарына 1 адам орналасты, — деді Кентау қалалық Жұмыспен қамту орталығының маманы Ұлжалғас Белдіғараева.

Пробация қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында есепте тұрған сотталғандар арасында қайта қылмыс жасау дерегі азайып, оң нәтиже көрсетір отыр.

Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады. Лайықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету — халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы. Жаза басып, қоғамда қайта орнын тапқысы келген сотталған азаматтар үшiн бұл — үлкен мүмкіндік. Сол себепті пробация қызметiнiң қызметкерлері бұл шараға аудандағы кәсіпкерлер, жұмыс берушi мекеме басшылары болашақта да белсендi қатысады деген сенімде, — деді Кентау қалалық пробация қызметi бөлімінің бастығы әділет әділет майоры Атабек Исаев.

Жаза басып қателікке бой алдырған сотталған азаматтар жұмысқа орналасып, «Екі қолға бір күрек» деп өздерінің ісін бастап та кетті. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға дән риза болған сотталған азаматтар да бар.

Әрине, өзімнің жасаған қателігім үшін қатты қысыламын. Өзім жіберген қателігімнен сабақ алдым. Алдағы уақытта жұмыс жасап ата-анама көмектескім келеді. Маған жұмыс тауып беріп, жұмысқа орналастырып, қоғамға бейімделуіме көп көмегін тигізген Кентау қалалық пробация қызметінің қызметкерлеріне және қалалық Жұмыспен қамту орталығына алғысымды айтамын, — деді сотталған Бағдат есімді азамат.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Абай облысында жаңадан келген сотталғандардың психологиялық бейімделу деңгейін зерттеу жүргізілуде

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің психологтары, жаңадан келген...

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...