12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

КЕМТАРЛЫҚТЫ ДӘЛЕЛДЕУ ҚИЫН

Әлемде халықтың өмір сүру деңгейі ғана емес, ғылым мен техника да қарыштап дамығанымен, мүгедектікке душар болып жатқан адамдар саны өспесе, кеміген жоқ. Оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жариялаған деректерден айқын аңғаруға болады. Мәселен, 1970 –2010 жылдар аралығында әлем тұрғындары арасындағы мүгедектердің үлесі 10-нан 15 пайызға дейін жетіп, жалпы саны 1 миллиардқа жуықтаған. Ұйымның «Денсаулық сақтау саласындағы бүкіләлемдік шолу» деп аталатын баяндамасында оның 95 миллионы 14 жасқа дейінгілер, 785 миллионы 15 жастан асқандар екені айтылған.
Жалпы мүгедектігі құзырлы органдар тарапынан мойындалған адамдар бізде ел халқының 4 пайызын құрайды. Яғни, әлемдік орташа көрсеткішпен салыстырғанда оның айтарлықтай төмендігін көңілге медеу қылғанымызбен, кейбір сарапшылар олардың саны бұдан әлдеқайда көп екенін айтып жүр. Бұқаралық ақпарат құралдарында да мүгедектікті тағайындайтын арнайы комиссия мүшелері алдында өзінің кемтарлығын дәлелдей алмай, пұшайман болып жүрген адамдардың жанайқайы аз айтылып жатқан жоқ. Сондықтан, мәселенің ақ-қарасын ажыратуды өкілетті органдардың еншісіне қалдырып, бұл жолы негізгі
түйткілді жағдайды қоғам талқысына салған жөн шығар.
1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Мүгедектер онжылдығының соңында (1983–1992 жж.) 5-мамыр күнін Халықаралық мүгедектер құқын қорғау күні деп жариялаған еді. Бұл шара олардың мәселелеріне көңіл бөлуге, қадір-қасиетін, құқығы мен аман-саулығын қорғауға, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірге қатысуынан қоғамға келетін басымдыққа назар аударуға бағытталды. Сол себепті ҚР Президентінің 1993 жылғы 15 маусымдағы №1224 Жарлығымен қазан айының екінші жексенбісі Мүгедектер күні деп жарияланды. Ал, 2006 жылы 13 желтоқсанда Нью-Йоркте қабылданған БҰҰ мүгедектер құқын қорғау конвенциясына Қазақстан 2008 жылы 11 желтоқсанда қол қойып, 2015 жылы 20 ақпанда оны ратификациялады. Конвенцияның 1-бабында оның мақсаты барша мүгедектердің адам құқықтары мен негізгі бостандықтары толық және тең дәрежеде қорғалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, оларға тән қадір-қасиетті құрметтеу болып табылатыны айтылды. 3-бапта: адамға тән оның өз таңдауын жасау еркіндігін қоса алғандағы жеке дербестігін және тәуелсіздігін құрметтеу; кемсітпеушілік; қоғамға толық және тиімді тарту,
қосу; мүгедектердің ерекшеліктерін құрметтеу және оларды адами алуан түрліліктің компоненті және адамзаттың бір бөлшегі ретінде қабылдау; мүмкіндіктер теңдігі; қолжетімділік; ерлер мен әйелдердің теңдігі; мүгедек балалардың даму қабілеттерін құрметтеу және мүгедек балалардың өз жеке қасиетін сақтау
құқықтарын құрметтеу осы Конвенцияның қағидаттары болып табылатыны туралы айтылады. Жалпы мүгедектерге қатысты түйткілді мәселелер бұл конвенцияда барынша ауқымды түрде қамтылған. Сондықтан, «Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын
жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды» жүзеге асыруда ол назардан тыс қалған жоқ. Мәселен, 15 қарашада ҚР Премьер-Министрі орынбасарының төрағалығымен өткен Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысында Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі сәулет-қала құрылыс және құрылыс қызметі саласындағы жергілікті атқарушы органдарға объектілердің қолжетімді болуын бақылау тапсырылды.
Білім және ғылым министрлігіне мүгедектігі бар адамдарды оқыту үшін гранттар бөлу квотасын 2 пайызға ұлғайту ұсынылды. Әрине елдің қарапайым мүшелерінің ғана емес, атқарушы және заң шығарушы билік өкілдерінің де мүгедектерге деген көзқарасын өзгертіп, масыл деп қарамай, олардың да елдің дамуына қосар үлесі аз еместігін, тіпті кейбір жағдайда қол-аяғы сау өзге адамдардай мүмкіндікке ие екенін дәлелдеуіне жағдай жасау бір күнде емес, күн сайынғы тынымсыз жұмыстың нәтижесінде жүзеге асатынына ешкімнің күмәні жоқ. Дегенмен, мүгедектер құқығының бұзылмауы мен қорғалуын қадағалауда қоғамдық ұйымдардың да белсенділігі маңызды рөл атқаратынын тағы да еске сала кеткен артық болмас.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

[ratings]

Прокурор Бишімбаевтың адвокатына Абайды тереңірек оқуға кеңес берді

Қуандық Бишімбаевтың сотында жарыссөз жалғасып жатыр.

Қазақстанда жеке куәлік өзгереді

Қазақстанда жеке куәлік дизайны мен мәліметтері өзгереді. Ішкі істер министрінің бұйрығына тиісті өзгерістерді ІІМ әзірлеген.

«Сарыға» өткен көліктерге айыппұл. Қанша астаналық «ұсталды»?

Наурыздың басында Астанадағы камералар бағдаршамның сары түсіне өткен көліктерді түсіре бастады.

Бүгін ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 4 мамырда еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Қазақстандағы су тасқыны: Атырау мен ШҚО-дағы жағдай қандай?

Шығыс Қазақстан облысында жаңбырдың көп жаууына байланысты елді мекендерге су тасқыны қаупі төнді.