Әкемнің қазасына бара алмадым — Бақыт Әліпбаева

Бақыт Әліпбаева асқар тау әкесінен айырылды. Ерке қызы әкесімен қоштасып та үлгермеген екен. Актрисаның әкесі аз-ақ күн ішінде мәңгі бақиға аттаныпты. Әкем ешқашан өлмейді деп ойлаған актриса бірден есейіп кетті.

Бұл туралы «Ең алғашқы» бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.

Бақыт Әліпбаева әкесін сағынышпен еске алды. Бойы ұзын, еңгезердей азамат еді дейді қызы. Спортқа жақын, көпшіл, мінезі жайдары жан еді. Қызын оқуға жетектеп әкеп, кейін әр қадамына қуанған асқар тауы бұл өмірде жоқ.

«Мен ешқашан әкем өледі деп ойламадым. Әкем тепкішекте құлап, жамбасын сындырып алды. Салмағы үлкен кісі еді. Күнделікті жүгіріп, жаттығу жасайтын. Бізге жаттығу жасататын. Сиырларды өріске айдап, қайтарда жүгіріп келетін. Менің көрпемді тартып алып, үстіме су құятын. Осылайша қинап жаттығу жасататын. Салауатты өмір салтын ұстанды.

Менің арманыма тосқауыл болмай өнерге ертіп әкелді. Туыстарым өнерге жіберме десе де, менің қалағанымды жасады. Мен тұрмысқа шықсам да, ешқашан қиналған емеспін. Себебі, сүйенерім болды. Әкем бар, әкем көмектеседі деп ойладым. Асқар тауынан айырылған адам бірден есейіп, үлкен өмірді енді ұққандай болады. Сүйеніші жоғалғандай болады», — деді актриса.

Әліпбаева әкесін ақтық сапарға шығарып салғанымен, көзі тірісінде қоштасып үлгермеді.

«Әкем жамбасын сындырған соң ауруханаға жатты. Санаторийде емделді. Ота жасатты. Ота сәтті жасалған соң жазылып кетеді деп ойладым. Сол кезде менің шәкірттерімнің маңызды емтиханы өтіп жатты. Мен солай бара алмай қалдым. Екі күннің ішінде жүріп кетті. Өкіндім. Ұшақпен ұшып бармағаныма өкіндім», — деді Әліпбаева.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...