КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15 жүлдегер марапатталады. Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив шығармалар байқауы биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр.

Қазақ детективінің негізін қалаған көрнекті қаламгер Кемел Тоқаевтың шығармашылық дәстүрін жалғастыруды, отандық детектив жанрын дамыту мен жаңа есімдерді танытуды мақсат еткен байқаудың биылғы қорытынды шарасы Абай облысында өтіп жатыр.

«Заң» медиа-корпорациясы» ЖШС бастамасымен қолға алынған байқау алғаш рет 2018 жылы ұйымдастырылған. Жобаның идеясы 2017 жылы көтеріліп, келесі жылдан бастап тұрақты түрде өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде байқау қазақ прозасында кенжелеп қалған детектив жанрының дамуына серпін беріп, шытырман оқиғалы шығарма жазатын қаламгерлердің шығармашылық әлеуетін танытуға мүмкіндік берді.

Жобаға алғашқылардың бірі болып қолдау білдіргендердің қатарында Алматы қалалық сотының бұрынғы төрағасы Нұрғазы Әбдіқанұлы болды. Сондай-ақ байқаудың алғашқы жылдарынан бері жобаны қолдап келе жатқан сот-құқық саласының ардагері, белгілі адвокат Бауыржан Ахметов биыл да қазылар алқасының құрамына енді.

Байқаудың тұрақты қолдаушыларының қатарында әр жылдары Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жетісу, Жамбыл облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларының соттары болды. Аталған өңірлерде арнайы жүлделер тағайындалып, қаламгерлерге қолдау көрсетілді. Биыл бұл игі дәстүрді Абай облысының әкімдігі мен сот ұжымы жалғастырып отыр.

Байқаудың Абай облысында өтуіне өңір басшысы Берік Уәлиұлы бастаған әдебиет пен мәдениет жанашырлары қолдау көрсетті. Сонымен қатар Абай облыстық сотының төрағасы Қайрат Шақпантаев бастаған сот ұжымы да шығармашылық бәйгенің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына атсалысты.

Биылғы байқауға еліміздің әр өңірінен 71 детектив шығарма келіп түсті. Байқауға жолданған туындылар алдымен «Заң» медиа-корпорациясының» редакциялық алқасы тарапынан қаралып, шығармалардың талапқа сәйкестігі, мазмұны, көркемдік деңгейі мен детектив жанрының ерекшеліктерін игеруі сараланды. Алғашқы іріктеуден өткен шығармалар қазылар алқасының талқысына ұсынылды. Қазылар алқасы туындыларды бірнеше кезең бойынша саралап, шығармалардың сюжеттік желісіне, композициялық құрылымына, кейіпкерлер жүйесіне, оқиға динамикасына, авторлық ізденісіне және көркемдік шеберлігіне назар аударды.

Қазылар алқасына белгілі журналист, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Жанарбек Әшімжан төрағалық етіп отыр. Қазылар құрамында белгілі жазушы, журналист, танымал медиаменеджер Серік Әбікенұлы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы Абай облыстық филиалының төрағасы Мерей Қарт, сот-құқық саласының ардагері, белгілі адвокат Бауыржан Ахметов, сондай-ақ «Заң» медиа-корпорациясының» директоры Досымбек Өтеғалиев бар.

Тоқаев Астанада ТМД елдерінің ЖИ форумын өткізуді ұсынды 

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласында тәжірибе алмасатын тұрақты механизм қалыптастыру бастамасын көтерді

Қазақстандағы риелторлар: Олардың табысы қанша және жаңа талаптар не үшін керек? 

Қазақстанда риелторлық қызметті реттеуді күшейту жоспарланып отыр. Тиісті заңнамалық түзетулер пакеті қазірдің өзінде Құрылтайдың қарауына жіберілген.

Алматыда 200-ге жуық жеке үй сүріледі: Қай көшелердегі үйлер бұзылады? 

Алматыда реновация бағдарламасы аясында ескі көпқабатты тұрғын үйлермен қатар жеке үйлерді де бұзу жұмыстары басталды,

Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздары халықаралық индекске енуі мүмкін 

Index Watch-Positive мәртебесін беру Қазақстанның халықаралық қаржы нарықтарына интеграциялануы үшін маңызды кезең саналады. Бұл инвесторлар базасын кеңейтіп, шетелдік инвестиция тартуға және мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Елімізде жәрдемақы мен оны тағайындау шарты бекітілді

Үкіметтің 2026 жылғы 5 қазандағы қаулысы жәрдемақы тізімі және оны тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату шарты, жерлеу төлемін бір рет тағайындау шарты бекітілді.