12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Кем дегенде 5 млн гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылады

Қазақстан ауыл шаруашылығы жерлерінің ғарыштық мониторингін жетілдіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жер қатынастарын цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, онда ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың ғарыштық мониторингі және оларды цифрландыру мәселелері қаралды, деп жазады primeminister.kz.

Баяндама жасаған ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қазір «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ базасында ауыл шаруашылығы жерлеріне ғарыштық мониторинг жасаудың жетілдірілген нұсқасын енгізу пысықталып жатқанын хабарлады.

«Жер инспекторының кабинеті» жасалды, ол әр жерден алынған деректерді талдап, жер учаскесін ұтымсыз пайдалану белгілерін анықтауға және осындай фактілерге жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Бұл платформа 2022 жылдың жазында іске қосылады.

Мемлекеттік бақылау әдістерінің пысықталуын ескере отырып, биыл мемлекетке қайтарылған пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерінің ауданын өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге ұлғайту жоспарлануда: 2021 жылы 1,3 млн га қайтарылды, 2022 жылы кемінде 5 млн га қайтару жоспарда бар.

Сонымен қатар министр ауыл шаруашылығы жерлерінің барлығын цифрландыру аяқталғаннан кейін ғарыштық мониторингтің тиімділігі жақсаратынын атап өтті. Бұл процесті 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Премьер-Министр айтылған тәсілдерді қолдап, осы бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы Жарлыққа қол қойды

Конституциялық реформа бойынша ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Конституциялық реформа жөніндегі...

Инициативы Президента стали продолжением объявленной ранее масштабной политической реформы – Олжас Бектенов

Следуя идеологемам, объявленным Главой государства, Казахстан способен противостоять современным...

Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов

Қазақстан Мемлекет басшысы жариялаған идеологиялық тұжырымдарға сүйене отырып, заманауи...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау – қоғам дамуының негізі

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына, қоғамның тұрақтылығына және азаматтардың...