12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Келісімшартты орындау даудың алдын алады

Қазақ түйткілді қиындықсыз тарқатқан, мәселені дау-дамайсыз шешкен халық. Бабаларымыз бас иген байырғы құқықтық құжаттардың барлығы негізінен дауды бітімгершілікпен реттеуге бағытталған. Жалпы халқымыздың табиғатынан «Иілген басты қылыш кеспейді», «Уәде – құдай сөзі», «Кең болсаң, кем болмайсың», «Дау қуған пәлеге жолығады» деген қағидатпен өмір сүргенін аңғару қиын емес. Ал қазір уәдесінде тұрмайтын, өз пайдасын өзгелердің мүддесінен биік қоятын азаматтардың кесірінен даулар жиі орын алуда. Мұндайда азаматтардың құқықтық сауатын көтеріп, кез келген мәселені заңды түрде реттеуге үйрету маңызды.

Айталық қазір еңбек даулары жиі кездеседі. Оның ең басты себебі – еңбек келісімшартының дұрыс түзілмеуімен байланысты. Тіпті кейбір азаматтар еңбек келісімшартын жасаспай-ақ жұмысқа араласып жатады. Ал мұндай шарт болмаған жағдайда ешбір жұмысшы өзінің еңбек құқығын қорғай алмайды.

Еңбек келісімшарты – жұмыс барысында қауіпсіздікті сақтаудың, еңбекақының дұрыс есептеліп, жалақыны уақытында алудың, жұмыс беруші тарапынан артық, негізсіз талаптардың қойылмауының кепілі. Сондай-ақ, еңбек келісімшартымен жұмыс істейтіндер өндіріс орындарында төтенше жағдай, оқыс оқиға орын алған кезде де ертеңіне алаңдамаса болады. Өйткені өндіріс орындарындағы алған жарақатқа орай жұмысшыны еммен, қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп, жұмыс орнын сақтап тұру – жұмыс берушінің міндеті.

Еңбек шартына қол қоярда келісімшартты мұқият оқып шығу маңызды. Егер ондағы талаптар түсініксіз болса, заңгерден кеңес алу артықтық етпейді. Бұл құжатқа немкетті қарамаған абзал. Еңбек келісімшарты өз құқығыңды қорғаудың тетігі болуы үшін онда жұмыс істеу тәртібі, жалақы алу мерзімі, бонустар мен сыйақы беру шарттары, еңбек демалысының реті, қосымша жұмыстар үшін төлем жасау  негіздері сияқты басты талаптар нақты қамтылуы тиіс. Еңбек шартының нормасы заңға қайшы болса, жұмысшы еңбек шартынан бас тарта алады.

Еңбек дауларын шешудің жолдары еліміздің Еңбек кодексінде жан-жақты дәйектелген. Осы заңнамаға сай жұмысшылар ең алдымен көңілі толмайтын талаптарын жұмыс берушіге жазбаша хабарлауы керек. Үш күннің ішінде жұмыс беруші мәселені шеше алмаса, жұмысшылар шағымдарын келісім комиссиясының құзырына ұсынуға құқылы. Егер келісім комиссиясы да дауды 7 күннің ішінде зерделеп, екі тарапты мәмілеге келтіре алмаған жағдайда, іс сот қарауына түседі. Ал істің сотта қаралуы жұмыс берушілердің беделі мен абыройына нұқсан келтірері анық. Сондықтан, еңбек дауларын мейлінше екі тарап өзара шешкені дұрыс.

Б.Даулетова,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...