Шымкент қаласы және Түркістан облысына бойынша ҚАЖД Келес аудандық пробация қызметінің жүргізген «Элемент» профилактикалық шарасы барысында бір сотталғанға ескерту жасалды, ал екінші сотталған қамауға жіберілді. Ескерту алған сотталғанға екінші мәрте кешірім берілмейді.
Жуырда Түркістан облысы аумағында «есептегі элемент» атты облыстық жедел профилактикалық іс шарасы өткізілді. Осы іс шараны өткізу барысында Келес аудандық пробация қызметі жергілікті учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп есепте тұрған қоғамнан оқлаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталғандардың мекенжайлары мен жұмыс орындарын толық тексерді. Аталған шараның басты мақсаты — пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу мақсатында олардың тұрғылықты мекенжайына барып тексеру жүргізіп, кеңес өткізеді.
Пробация қызметі есебіндегі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталғандар тарапынан жасалынатын қайталама қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша түнгі уақыттарда тексеріп олардың жақын туыстарымен де профилактикалық әңгімелер жүргізді.
Сондай-ақ, шара барысында пробация қызметінің инспекторлары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтар мен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылғандарды мекенжайлары бойынша тексеріп, олармен түсіндірме жұмыстарын да жүргізуде.
Біз полицияның учаскелік инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды тексеруге жиі шығамыз. Сонымен қатар, бас бостандығынан оқшалаусыз жазаға тартылған сотталған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтарды немесе қайта қылмыстық құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтау мақсатында, іздеу жүйелері және басқа мемлекеттік органдардың базалары бойынша тексеру жүргізіп отырамыз. Егер сотты болған азамат тұрғылықты мекен-жайында болмаса онда ол адамға акты толтырылады. Сөйтіп, қалалық пробация қызметі бөліміне шақыртылады. Сотталушы азаматтан үйінде болмауының себебін анықтап, жазбаша түрде түсініктеме алынады. Егер оның берген жауабы өзінің әрекетіне сәйкес келмесе, я болмаса пробациялық бақылаудан жалтарып, сот жүктеген міндеттерді орындамағаны анықталса жазбаша түрде «Ескерту» жарияланады. Ал, ескерту бар болса онда ҚР ҚК-нің 44-бабы 3 бөлімі негізінде бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жасасына ауыстыруға сотқа жолданады. Ал, жазаны сот тағайындайды, — деді Келес аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Нұрдәулет Аширбаев.
Аудандық пробация қызметі бөлім бастығының сөзіне қарағанда бұл бастаманың басты мақсаты — пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу мақсатында оларды тіркелу барысында тексеру жүргізіп, кеңес өткізеді. Мұндай профилактикалық шаралар – пробация қызметініӊ есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардыӊ және қылмыстыӊ алдын алу, сондай-ақ іздеуге жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау үшін ұйымдастырылып тұрады.
Шымкент қаласы және
Түркістан облысы бойынша
ҚАЖД қызметі


