12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Келесте 7 сотталғанға электронды білезік тағылды

Сотталғандарға арналған электрондық білезіктерді Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті Келес аудандық пробация қызметі бөлімінде қолдана бастады.

Келес аудандық пробация қызметі 7 сотталған азаматқа электронды бақылау құрылғысын тақты. Оның ішінде 5 сотталған педофилдер қатарына жатса, ал оның 2-і қылмысқа бейімділігі басым екен. Аталған педофилдер 16 жастағы қыздарды жыныстық қатысқа мәжбүрлеген екен. Үш педофил өздері зорлаған қызға үйленген. Ал, екеуі өздеріне сот жүктеген міндетті орындауда.

Келес аудандық пробация қызметі жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы баптарда көзделген қылмыс жасаған жеті сотталушыға электрондық білезікті тақты. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сотталғандарға қатысты сот үкімімен белгілі бір орындарға баруға тыйым салу, атап айтқанда, оқу орындарына жақындау, түнгі уақытта үйден шығу, пробация қызметіне хабарламай тұрғылықты жерінен тыс жерге шығу сияқты шектеулер қойылуы мүмкін. Пробация қызметінің инспекторы сотталғандардың белгіленген талаптарды нақты уақытта да, өткен кезең үшін де сақтауын қадағалай алады. Қызметкер қажетті деректерді компьютердің, планшеттің немесе смартфонның көмегімен жеке кабинет арқылы тексере алады.

-Егер сотталған адам белгіленген шектеулерді бұзса немесе білезікті зақымдауға тырысса, құқық бұзушылық туралы белгі дереу түседі. Белгіленген тыйым салуларды бұзу, электрондық бақылау құралдарын қолданудан бас тарту немесе жабдықты бүлдіру анықталған кезде Пробация қызметі бас бостандығынан айыруға жазаның түрін өзгерту туралы мәселені қарау үшін материалдарды сотқа береді. Есепке алынған адамдарды қашықтықтан бақылау құралдары сотталғандардың қайта қылмыс жасау тәуекелдерін барынша азайтуға және пробация қызметінің бақылау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бірінші кезекте білезіктер жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар үшін сотталғандарға және жазаны өтеу шарттарын үнемі бұзатындарға қолданылады. Қалған сотталғандар үшін мобильді құрылғыларда арнайы қосымшаны пайдалану көзделеді. Алдағы уақытта Пробация қызметінің есебінде тұрған барлық адамдарға электрондық бақылау құралдарын қолдану практикасын кеңейту жоспарлануда, — деді Келес аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығыәділет майоры Нұрдәулет Аширбаев.

Түзеу мекемесінде сотталған азамат неке қиды

ҚР ІІМ ҚАЖ Департаментінің № 3 түзету мекемесінде ерекше...

День единства народа Казахстана

"1 мая" - в Казахстане и многих ”День единства...