12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Келешек» мектебі – болашақтың шамшырағы

              «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Білімді ұрпақ қана өркениетке жол бастайды», – деп Мемлекет басшысы айтқандай, Арқалық қаласында білім мен тәрбиенің жаңа дәуірін бастаған игілікті оқиға болды. 2024 жылдың 6 қарашасында «Келешек мектептері» жобасы аясында  еңселі жаңа білім ордасы бой көтерді.  300 орынға арналған бұл нысан тек білім беру ғана емес, әлеуметтік серпілістің бастауы болды. Себебі тек қана қаламыздағы оқушы орындарының тапшылығы мәселесі ғана шешімін тауып қойған жоқ, сонымен қатар 70 жаңа жұмыс орны құрылды. 

          Мектеп – білім мен мейірімнің мекені болуы тиіс. Осы тұрғыдан алып қарағанда мектебіміздің әр кірпіші баланың болашағы үшін қаланғаны анық. Кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше мән беріліп, барлық жағдай жасалынған. Жаңа ғимараттың инфрақұрылымы да ерекше. 28 оқу кабинеті – ғылымға бастар сара жол, 80 орындық асхана – баланың бойына қуат берер құтты мекен. 649,7 шаршы метрді қамтитын спорт залы – жас жүректердің жігерін шыңдайтын алаң болса, 84 орындық акт залы – өнер мен шабыттың сахнасы. Заманға сай жабдықталған зертханалар, STEM және робототехника кабинеттері – жас ұрпақты болашақтың биік шыңына жетелейтін алтын көпір іспетті.

         Асхана төрінде де қамқорлықтың ізі байқалады: бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан, көпбалалы жанұяның балаларына тегін ыстық ас ұсынылады. Ал қалған шәкірттер үшін жайлы буфет қызмет етеді. Бұл – білім ордасының тек оқыту емес, қамқор болу миссиясын да айқын көрсетеді.

           Мектепке келген әр оқушыға ең басты керегі – ынтымақтастық атмосферасы. Білім ғасырында еліміздің  білім саласы алпауытты елдердің білім саласымен тәжірибе алмасуда. Осы тұрғыда мұғалім мен оқушы  арасындағы бірлікті нығайту мақсатында мектептің педагогикалық ұжымы Марвин Маршалдың «Дисциплина без стресса, наказаний и преград» әдістемесін негізге алып, оқушылардың ішкі жауапкершілігін арттыруға бағытталған тың тәжірибені іске асыруда. Бұл – балалардың жазадан қорықпай, саналы тәртіп пен өз-өзіне сенім арқылы қалыптасуына мүмкіндік беретін жаңа тәсіл. Сонымен қатар, «Музыкалық таң», «Көңілді үзіліс», «Таңғы шеңбер», «Жүрек жылуы», «Еңбекке баулу күні» сынды жобалар мектептің рухани ортасын байытып, оқушыларға шаттық сыйлап келеді. Әрбір бастама – баланың жанын тәрбиелейтін, ой-санасын байытатын және болашағына жол ашатын игі қадам.

         Арқалықтағы «Келешек» мектебі – тек жаңа ғимарат емес. Бұл – үміттің отын жаққан шамшырақ, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беретін ұлы мектеп. «Әрбір табыс – кішкентай идеядан басталады»дегендей, осы білім ордасынан түлеп ұшқан шәкірттердің жетістігі ел ертеңінің еңсесін тіктейтін болады.

Тазабек вновь покорил сердца болельщиков в Астане

Сегодня, 4 сентября, на столичном стадионе «Астана-Арена» проходит матч...

Медициналық мекемеге мәжбүрлі жатқызу: психиатриялық сараптама және сот рөлі

Егер тұлғаның ақыл-есі дұрыс еместігіне күмән туындаса, тергеу судьясы...

Каждое Послание Главы государства на контроле у депутатов Мажилиса и Правительства

В преддверии очередного Послания Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу...

№75 мекемесінде арнайы шара өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 14 тамыздағы...