12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Келес ауданында сотталған мәжбүрлі еңбекті өтеуде

Пробация есебінде тұрған сотталған азамат сотпен жүктелген мәжбүрлі еңбекті орындауда.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Келес ауданында мәжбүрлі еңбекке тартылған азамат тұрғылықты жері бойынша атқарушы органдарда тиісті жазаларын орындап жатыр. Келес ауданында құқықбұзушылық жасағаны үшін сотталған азамат сот үкімімен 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды.
Келес аудандық пробация қызметінің есебіне заң талабын бұзған азамат алынды. Оған сот үкімімен 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалған. Қазіргі таңда ол Біртілек ауылдық округі әкімінің өкімімен күніне 4 сағат қоғамдық орындарды абаттандыру, тазалау жұмыстарын істеу арқылы жазасын өтеуде.
-Аталған мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастырады және күніне төрт сағаттан асырылмай өтеледі. Сотталғанға тағайындалатын жаза түрінің бірі бас бостандығынан шектеу жазасы. Бас бостандығынан шектеу жазасына сотты болғандарды әдетте тұрақты жұмыс орны жоқ және оқуда жоқ болуына байланысты, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда, жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 80, 100 және 300 сағаттан мәжбүрлі еңбекті тағайындайды. Мәжбүрлі еңбекке тарту күніне төрт сағаттан асырылмай өтеледі, — деді Келес аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Нұрдәулет Әшірбаев.
Пробация бастығының сөзіне қарағанда, мәжбүрлі еңбек бас бостандығын шектеу жазасына тартылған азаматтар үшін тиімді. Себебі олар жұмыссыз үйде жатпайды, 4 сағат болса да еңбек етіп, жұмыс істеуге дағдыланады. Ал кейбір сотталған азаматтар тез арада жұмысқа орналасып кететін жайттар да кездеседі екен.
– Өзім жұмыссыз болғандықтан, күніне 4 сағат қоғамдық жұмыс істеп, жазамды тезірек өтеп, пробация есебінен шығарылсам деймін. Бұл жағдай маған сабақ болды. Келешекте бұндай қателікке бой алдырмай, қоғамға пайдамды тигізетін азамат болсам деймін, – деді есептегі азамат.
Мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтарға ешқандай ақы төленбейді. Керісінше өздеріне берілген жаза мерзімі бойынша еңбектерін тегін өтейді. Сотталған азамат қоғамдық жұмысқа тарту жазасымен есепке алынғаннан кейін 10 күн ішінде жергілікті атқару органдарына жолданып, сол жерде өз жұмысын бастайды.

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...