spot_img
spot_img

Келеңсіз құбыластармен күресте пәрменді құрал

 Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев  биыл өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берген тапсырмаларына орай ұйымның жанындағы Аналар кеңесі «Салауатты сана» жобасын  әзірлеген болатын. Мұндағы мақсат — мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарға деструктивті іс-әрекеттер мен қоғамның бес әлеуметтік кеселіне  қарсы тұру және оларды жоюда практикалық, сараптамалық, ақпараттық-түсіндіру және басқа да шаралар кешенін әзірлеуге және іске асыруға көмек көрсету.   Бұл шаралардың жүйелі әрі тиімді түрде жүзеге асуы үшін  көмекші құралдың  қажет екені айдан анық. Осыны ескерген  Аналар кеңесі арнайы әдістемелік нұсқаулық әзірлепті. Апта басында  ұйым  төрағасы, осы құжатты дайындаушы  Назипа Шанай ZOOM форматта «Бес нәрседен қашық бол» тақырыппен кездесу өткізіп,оны республикалық және өңірлік Аналар кеңестері төрағалары мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне таныстырды.

   Әдістемелік  нұсқаулық «Салауатты сана» жобасын  жүзеге асырудың барлық тетіктері кешенді түрде қамтылған жүйелі іс-шаралар жиынтығы болыпты. Онда негізінен  кеселдердің себебімен күресуге басымдық берілген. Мұның маңыздылығын және қажеттігін  жобаны таныстыру барысында Назипа Ыдырысқызы айрықша атап өтті. 

-Бұл келеңсіз құбылыстарды анықтау, жазалау  бойынша  құзырлы орындар өз жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бізге осы кеселдердің  алдын алуға, себебін жоюға күш салу керек. Олардың түп негізі отбасындағы тәрбиеде жатыр. Бұл орайда ғасырлар бойы қазақ қоғамының көшін түзеп келген  ұлттық құндылықтар ұрпақ тәрбиесінің өзегіне  айналу керек.  Әр ісімізде байыптылық, сақтық керек. Өйткені, түзейміз деп бүлдіріп алуымыз мүмкін. Бұл  тұрғыда әр өңірдегі нақты жағдайға сай әрекет ету өте маңызды. Кейбір аймақтарда  мысалы вейптұтынушылық мәселесі жоқ. Оларға барып, бұл жайында айту жау  шақырғанмен тең болуы мүмкін. Сондықтан  әр өңірдің жағдайын жан-жақты зерделеу өте маңызды.   Назар аударатын мәселе өте көп. Мысалы, кейбір мектептердің қаржылық сауаттылықты оқытуды ойын түрінде өткіземіз деп, балалар санасында құмар ойындарына деген  ынтаны оятып жатпасына кім кепіл?! Өз басым бір мектептен осының белгісін байқадым. Сондықтан бұл тұрғыда мектептердегі білім беру әдістерін бақылау бойынша құзырлы орындарға ұсыныс әзірлеу қажеттігі туып тұрғандай. Осының бәрі әр мәселеге  жан-жақты, жүйелі түрде келу қажеттігін көрсетеді. Бұл орайда әкімдіктер жанынан құрылатын арнайы кеңестерлің құзыреттілігі, біліктілігі үлкен роль атқарады. Жер-жердегі аналар кеңесі үшін мұның  көмегі зор болар еді, — деді осы орайда  Аналар кеңесінің төрағасы.

  Әдістемелік нұсқаулықта бес кесел бойынша толыққанды  ақпараттар  ұсынылыпты. Сонымен қатар аудиторияға не айту керек, оны қалай жеткізу керектігі жайлы  жан-жақты кеңес берілген. Тіпті, лектордың тыңдармандар алдында қалай тұруы керектігі жайлы да ұмтылмаған.  Жұмыстардың бағыты да жіктеліп, оларды жүзеге асыратын ұйымдар да нақты айқындалған.            Яғни, бұл әдістемелік бойынша біліммен де қаруланып, жұмыс істеу әдістерін де игеріп шығуға болады. Ең бастысы, алға қойған мақсатқа деген адалдық, ынта болса болғаны.

     Мәселен, лудоманияның негізгі себептері толық тарқатылған.  Құмар ойындарына тәуелділікке жалғыздық,  өзіне көңіл толмаушылық,    оңай олжа сезімдері ықпал етеді екен. Есірткі, никотин, алкогольге тәуелді адамдар ойынқұмарлыққа да тез бой алдырады. Психикалық ауытқушылығы бар немесе одан емделген адамдардың лудомания құрығына түсуі оңай. Осы факторларды білу әрине, бұл кеселмен жұмыс істеудің барынша сауатты жүргізілуіне көмектесері анық.

    Бүгінде қоғамның бір дерті болып тұрған ысырапқорлықтың зияны жайлы да  берілген мағлұматтар, одан арылудың жолдары жайлы кеңестер  әрбіріміз үшін өте пайдалы болары анық. Шыны керек, «атың шықпаса жер өртенің» керімен босқа малшашу талай отбасының берекесін қашырып,  қоғамда күрделі  мәселелер тудырып жатыр. Мысалы, қарызға батушылықтың негізгі себебі осы ысырапшылдық екені ақиқат.  Осының салдарынан қаншама адам баспанасынан  айрылды. Өзіне қол салатындар арасында да борышкерлер аз емес. Әдістемелікте ысырапқорлыққа  «Ысырап дегеніміз  қажетсіз шығындар. Бұл — ақша, мүлік, уақыт және өмір секілді мүмкіндіктерді қажетсіз және пайдасы жоқ жерлерге жұмсау, тұтыну дегенді білдіреді. Ысырапшылдыққа қарама-қарсы ұғым – прагматизм. Бұл дегеніміз – әркімнің өзінің ұлттық және жеке байлығының мөлшерін  нақты біліп, оны үнемді пайдалануы әрі болашағын соған сәйкес жоспарлай алуы. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі ретінде орынсыз сән-салтанат емес, керісінше — ұстамдылық пен қанағатшылдықты, қарапайымдылық пен үнемшілдікті орнықты принципке айналдыру керек.  Мақсат тойға тыйым салу немесе шектеу қою емес,  астамшылдыққа тосқауыл болатын барлық амалдарды жүзеге асыруымыз қажет» деп анықтама берумен қатар оған қарсы күрестің жолы да көрсетілген.

    Осындай нақты мағлұматтар мен кәсіби тұрғыдағы кеңестер отбасындағы зорлық-зомбылық, вандализм секілді құбылыстар бойынша кеңінен қамтылған. Сол секілді қоғамды алаңдатып тұрған буллингтің  түрлері бойынша берілген анықтамаларды білу де бұған қарсы күрестің тиімділігін арттырары анық.

       Алдағы уақытта «Салауатты сана» жобасы аясында отбасы мен қоғамдағы зорлық-зомбылық  (буллинг) мәселесіне қатысты қабылданған ҚР-ң  заңнамалық актілерімен танысуға арналған семинарлар,әлеуметтік мекемелер тұрғындарымен, әскери бөлімдер сарбаздары, әскери оқу орындары студенттерімен кездесулер, АХАЖ бөлімдерімен келісе отырып, заңды некеге тұруға өтініш білдірген жас жұптармен, олардың ата-аналарымен кеңестер өткізу қолға алынып, «Сенім телефондары» іске қосылмақ. Әйелдер қауымы үшін «Бақытты ана – бақытты бала», ерлер қауымы үшін «Парасатты әке – бақытты отбасы»  тақырыбындағы тұлғалық даму,   рухани өсу тренингтері де өткізіледі. «Дәстүрлі отбасы тәрбиесі: ұлттық және отбасылық құндылықтар» тақырыбындағы онлайн семинарлар да осы жобаның бір бағыты.  Отбасында оң психологиялық ахуал орнату, балаларымен қарым-қатынасты, сенімді нығайтуға арналған «Кешкі шәй» акциясы  кеңінен насихатталады.  Әңгімеміздің  өзегі болып отырған  әдістемелік нұсқаулық осы және өзге де тәрбиелік мақсаттағы шараларды жүзеге асыруда пәрменді көмекші болатынына сенім зор. 

 Қорыта айтқанда, ҚХА Ассамблеясы әзірлеген әдістемелік-нұсқаулық — терең ізденіс, бай тәжірибе жемісі. Сондықтан құжат қоғамдағы келеңсіздіктердің алдын алып, тосқауыл  қоюда кеңінен қолданылуы керек. Бұл үшін  әдістемелік нұсқаулықты брошюро түрінде басып шығарып,  барлық құзырлы орындарда, білім беру, тәрбие мекемелеріне кеңінен таратса құба-құп болар еді.

А.Тұрмағанбетова

«Заң газеті»

Алматы облысының үлкен ауылының тұрғындары атом электр станциясының құрылысы туралы пікір айтты

Қонаевта Қазақстанда атом электр станциясы салу турасында қоғамдық талқылау...

Жители села Улкен Алматинской области высказались о строительстве АЭС

В городе Конаеве прошли публичные обсуждения, по вопросу строительства...

КОГДА ГОСУДАРСТВО ПОДДЕРЖИТ

Акмолинская область не зря считается одним из основных аграрных...

Jas fest: Алматыда 3000-нан астам жастың басын қосқан фестиваль өтті

Алматы жастар қаласы, Мұнда 14 пен 35 жас аралығындағы...

Встреча в формате BBQ объединила активную молодежь города

Международный день молодежи: в Алматы наградили активную молодежь Встреча в...