Қазақстанда коронавирустан бір тәулікте 17 адам қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
Қайтыс болғандар арасында 15 адамда коронавирус, 2 адамда СOVID-19 белгілері бар пневмония болған.
31 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустан 151 727 адам (–150 383+ және 1 344 КВИ-) емделіп жатыр, оның ішінде 10 571 науқас стационарда, 141 156 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
406 науқастың жағдайы ауыр,
164 науқастың жағдайы өте ауыр,
88 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.