Қазақстанда өткен тәулікте 171 адамнан коронавирус анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы — 14, Алматы қаласы — 52, Шымкент қаласы — 8, Ақмола облысы — 6, Ақтөбе облысы — 2, Алматы облысы — 9, Шығыс Қазақстан облысы — 6, Жамбыл облысы — 5, Батыс Қазақстан облысы — 5, Қарағанды облысы — 6, Қостанай облысы — 18, Павлодар облысы — 9, Солтүстік Қазақстан облысы — 31.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 1 303 707-ге жетті.
Қазақстанда өткен тәулікте 960 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны — 1 276 577.



