Кейбір қазақстандықтарға ай сайынғы несие төлемі екі есе азаяды

Бүгін Мәжілісте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) төрағасы Мәдина Әбілқасымова қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды одан әрі күшейту жөніндегі шараларды ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әбілқасымованың айтуынша, мүгедек адамдардың және халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтардың құқығын қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, заңнамалық деңгейде қаржы ұйымдарының биылғы 1 шілдесінен бастап енгізілген ұлттық стандартты ескере отырып, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету міндеті енгізіледі.

«Қаржы ұйымдары да мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен жұмыс істеудің ішкі тәртібін бекітуге міндетті болады. Олар қаржы ұйымдарында қызмет алған кезде сенім білдірілген адамды тағайындай алады», — деді Мәжілістің жалпы отырысында ҚНРДА төрағасы.

Бұдан басқа, мерзімі өткен кредиттер бойынша берешекті реттеу кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан, сондай-ақ төтенше жағдай енгізу нәтижесінде зардап шеккендерден азаматтарды қорғаудың қосымша шаралары көзделген.

«Азаматтардың осы санаттары үшін қарыздар мен микрокредиттер бойынша кемінде үш ай мерзімге міндетті түрде кейінге қалдыру, сондай-ақ ай сайынғы төлемді 50 және одан да көп пайызға төмендету көзделеді», — деп толықтырды ҚНРДА басшысы.

Қарыз алушылардың (жеке тұлғалардың) құқықтарын қорғау үшін банктік қарыздарды мерзімінен бұрын өтегені үшін тұрақсыздық айыбы алынбайды. Азаматтардың микрокредиттері бойынша микрокредитті қайтармағаны үшін тұрақсыздық айыбын қоспағанда, кез келген тұрақсыздық айыбын өндіріп алуға тыйым салынады.

Сондай-ақ, сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің 10 пайызы шегінде банктік қарыз немесе микрокредит алу үшін жасалатын сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру агентінің комиссиялық сыйақысының шекті мөлшері белгіленеді.

Заң жобасы бүгін бірінші оқылымда қаралып жатыр.

Қазақстандықтар қаржысын қаншалықты сауатты басқарады? 

Ұлттық Банктің 2025 жылғы қорытындылары бойынша келтірген дерегіне сәйкес, қаржылық сауаттылықтың жиынтық индексі 42 пайызды құрады.

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды 

Елімізде жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды.

Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды 

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді. Мемлекет басшысы ұжымға жаңа Қорғаныс министрін таныстырды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.