12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әке арманы мен ана үмітін ақтау парызым

Қылмысқа қарсы күрестің табыстылығы  көбінесе әрбір қылмыстың қаншалықты тез және толық шешілетіндігімен, қылмыскерді анықтау және оны сотқа өткізуімен айқындалады. Әрбір қылмысты дәлелдеу факті бойынша тергеушінің дұрыс шешім шығаруы, сот үкімінің әділетті және заңдылығын айқындайды. Сот қаншалықты тәуелсіз болғанымен, қарауына жіберілген қылмыстық іс материалдарына жүгінеді. Алдымен қылмыстың құрамы мен оқиғаларын анықтайтын, қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамның кінәсін дәлелдейтін —  тергеуші — қылмыстың құқықтық  бағасын анықтайды.

Қылмыстарды ашу мен тергеу, кінәлілерді анықтау, адамның адал атын  қалпына келтіру тергеуші жұмысының мәнін құрайды. Істің нәтижесі  тергеушінің шеберлігі мен күш-жігеріне, оның табандылығы мен жедел әрекет етуіне,  бастамашылдығы мен жанқиярлығына байланысты болады.

Сондықтан тергеушілерге әрбір қылмысқа қатысты  азаматтың  болашағына  жауапкершілікпен қарау міндеті жүктеледі.

Бүгін де көлік полициясында ер азаматтармен иық тірестіре құқықтық тәртіп пен  қауіпсіздікті  қамтамасыз етуде табандылықпен қатар тұрған әйел-полицейлерді жиі көреміз. Олар үй шаруасымен қатар, жүктелген күрделі міндеттерге, күндіз-түні жалғасатын жұмыс жүйесіне қарамай полиция қызметін  де  абыроймен атқарып келеді.

Сондай полицей-әйелдердің бірі – Көліктегі ПД Алматы 1 станциясындағы Желілік полиция басқармасы тергеу бөлімшесі тергеу тобының аға тергеушісі полиция майоры  Иманғали  Айнұр Берікқызы.

Ішкі істер органдарында біраз жыл қызмет еткен Берік Иманғалиұлы қыздарының бірі әскери қызметкер болуын армандап,  полиция қызметінің қыр-сырымен бөлісіп, қызметіне  адал да  тиянақты, табанды да қайсар болуына түрткі болып отырды. Оған қоса анасы – Роза Сәтбергенқызы  әрдайым қызына қолдау көрсетіп, жүрегін сенімсіздік ұялаған сәттерде  жігерлендіріп, бойындағы қайсар мінезін қайрап, рухтандырып отыратын.

Бойында табиғатынан нәзіктік пен сыпайылық, биязылықпен қатар әкесінен дарыған қайсарлығы, қыз болса да ер мінезділігі мен табандылығы басым  Айнұр қызметтестері арасында кәсібилігі және өзіндік пікірімен құрметке ие.

ІІМ Алматы Академиясын 2008 жылы қызыл дипломмен бітірген Айнұр ішкі істер органдарындағы қызмет жолын  Алматы 1 ст. ЖІІБ тергеу бөлімшесі тергеуші-маман лауазымынан бастап, бүгінгі күні аға тергеуші ретінде қызмет етіп келеді.

«Неліктен жауапкершілігі жоғары, ауыр мамандықты таңдадыңыз?» — деген сұрағымызға Айнұр Берікқызы —  «Ия, бұл жауапкершілігі жоғары, күрделі сала. Бірақ та өз ісіңді сүйіп, өзіңе берген Аңтыңа  адал болсаң барлығын да еңсеруге болады. Анамыз ақ сүтімен, әкеміз мықты тәрбиесімен адалдық пен әділдікті санамызға құйып өсірді. Әкемнің арманы мен анамның үмітін ақтау парызым деп санап, мен осы мамандықты таңдадым.

Тергеуші болу үшін мінезді де жігерлі, рухты болуы , сонымен қатар бойыңда  әділдік пен адамгершілік қасиеттері болуы қажет. Себебі, әр қылмыстық іс —  ол бір адамның тағдыры, оның қылмысын дәлелдеп, айып тағумен ғана шектелмей, өмірден түңіліп, сергелдең жолға түсіп кетпеуіне де назар аудару керек» — деп жауап қатты.

2010 жылы  Бекбергенов Нұржанмен отбасын құрды. Жұбайы Нұржан да  ішкі істер органдарында қызмет етеді. Қәзіргі күнде Алматы қаласы  Алмалы аудандық полиция Басқармасы учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұржан екеуінің үш баласы – бір ұл мен екі қызы бар.
«Қылмыстық іс жүргізуде тергеу ісі – ең жоғарғы буын деп есептеймін. Себебі, тергеу саласын жетік меңгерген адам, Заң саласындағы барлық басқа салаларды оңай меңгереді деген ойдамын. Сондықтан да мен – өз қызметімді аса жауапкершілікпен атқарамын» - деп, біздің кейіпкеріміз өз ойын түйіндеді.

Алматы 1 ст.  ЖПБ

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...