Кастетпен ұсталған азамат жазасын қоғамдық жұмыс арқылы өтеп жатыр

Жыл басынан Арал аудандық пробация қызметінің есебінен теріс қылық жасағаны үшін сот үкімімен 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза түрінен 2 сотталған өткен.

Қазіргі таңда 1 сотталған  жазасын толық өтеп, пробация есебінен шығарылды. Ал екінші азамат күніне 4 сағаттан аудандық әкімдік белгілеген орындарда тазалық жұмыстарымен айналысып жүр. Бұл азаматты полиция қызметкерлері  тексеру кезінде қалтасынан «кастет» деген металдық зат табылған. Кастет дегеніміз -соққы күшін ұлғайту үшін саусаққа киілетін тесіктері бар металл пластинка немесе дәнекерленген металл сақиналар, суық қару болып табылады екен.

«Әрине, өз ісіме өкінемін. Суық қару екенін біле тұра, өзіммен бірге алып жүрдім. Жазамды еңбекпен өтеп жатырмын. Бұл маған үлкен сабақ болды»,- деді есептегі азамат.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Исследование КИОР: соцсети и телевидение остаются главными источниками информации для казахстанцев

Информационная среда Казахстана сохраняет многоканальный характер. Лидирующие позиции занимают...

Свыше 73% казахстанцев позитивно оценивают доступность детских садов – результаты соцопроса КИОР

Доступность школ, детских садов, учреждений культуры и спортивных объектов...

Қазақстандықтар әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін жоғары бағалайды

Қазақстанның қалалары мен ауылдық елді мекендерінде мектептердің, балабақшалардың, мәдениет мекемелері...

«Е-қызмет» – мемлекеттік қызметке кірудің жаңа мүмкіндігі

Мемлекеттік қызметке орналасу енді бұрынғыдан да ыңғайлы әрі ашық...

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...