12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кассациялық соттардың құрылуы мен қызметі

            2024 жылғы 5 шілдедегі №109-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізілген.

           Соған сәйкес елімізде 01.07.2025 жылдан бастап Кассациялық соттар құрылады. Кассациялық соттар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, олардың құқықтарын қорғауға оң әсер ететін болады.

           Бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кассациялық сотты жасақтау жөніндегі тапсырмасынан соң жүзеге асуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қыркүйек айында өтандық бизнес өкілдерімен кездесу барысында азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз ету үшін жекелеген кассациялық соттар құрудың маңыздылығы туралы атап өтті. Өз кезегінде тәуелсіз кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді.

             Сондай-ақ кассациялық сотты тәжірибеге енгізу сотқа кететін қаржыға нұқсан келтірмей, азаматтардың ұсыныс-талабын ескере отырып шешім шығаруға жол ашады. Астана қаласында азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша үш жеке кассациялық сот инстанциясы құрылады.

             Ең бастысы, бұл кассациялық орган толық тәуелсіз болады. Сонымен бірге істердің барлық санаттары бойынша арыздарды кассациялық сатыда алдын ала қарау сатысы алынып тасталуы да басты мәселе. Себебі бүгінге дейін істерді бір судьяның қарап, пайымдауымен алқа қарауына жіберілмей келгені белгілі. Бұл азаматтар мен кәсіпкерлердің заңды ренішін туындатқан еді. Сондай-ақ адвокаттар қауымы барлық санаттағы істерді қарауға тараптар міндетті түрде қатысуы керек, әрі істі алқалы құрам жүргізуі тиіс деген ұсыныстарын алға тартып отырса керек.

               Ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында сот жүйесі барынша объективті, ашық және жария түрде сот төрелігін жүзеге асырады.

             Сот жүйесіндегі барлық оң өзгерістер ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімділігін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.

Қызылорда қалалық сотының төрағасы

Кентбаев Дархан Несипбаевич

Съездердің соттар үшін маңызы зор

Қазақстанның сот жүйесі тарихында тоғызыншы рет өткізілетінн ҚР Судьялар...

Сот кабинеті туралы

            Сот кабинеті бұл электрондық ақпараттық сервис. Сот жүйесіне...

Атқарушылық жазба туралы

        Борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы...

Дау мұраты бітім!

Ертеде қазақ халқы «бас жарылса – бөрік ішінде, қол...

«Мемлекеттік тіл – ресми іс-қағаздар тілі»

Тілді өркендету - баршаның ісі. Тіл - тек қарым...