spot_img
spot_img

Кассациялық соттардың құрылуы мен қызметі

Бүгінде сот жұмысын жетілдіру мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі екені анық. Мемлекеттік басшысының тапсырмасын орындауда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулап енгізу туралы» 2024 жылғы 5 шілдедегі №109-VIII Заңымен «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңына өзгерістер енгізілген болатын.

Жоғарғы соттың сот әкімшілігі басшылығымен «Дербес кассациялық соттарды құру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітіліп, орындау жұмыстарына да кірісіп кетті.

Қазақстанның құқықтық жүйесі соңғы жылдары бірқатар маңызды өзгерістер мен реформаларды бастан өткеруде, солардың бірі – кассациялық соттардың құрылуы. Бұл реформа әділетті сот жүйесін күшейтіп, азаматтардың құқықтарын қорғауды жақсартуға бағытталған. Кассациялық соттар сот жүйесінде жаңа деңгей ретінде әрекет етіп, сот актілерін қайта қарау және заңды қадағалауды күшейтуге жол ашады.

Қазақстанда енгізіліп жатқан кассациялық соттар – сот жүйесін жаңғыртуға арналған жаңа инстанция.Олардың негізгі міндеті – әділдікті қамтамасыз ету, қателіктер мен заң бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ апелляциялық соттардың шешімдерін қайта қарау мүмкіндігін ұсыну.

Кассациялық соттардың негізгі міндеті – сот шешімдерінің заңдылығын тексеру. Олар апелляциялық соттардың шешімдерін құқықтық тұрғыдан бағалап, заң талаптарына сай болуын қадағалайды. Бұл жаңа инстанция сот қателіктерін түзетіп, заңнаманың біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстанда кассациялық соттарды құрудың басты мақсаттары: әділдікті қамтамасыз ету: жоғарғы соттың жүктемесін азайту: сот шешімдерінің сапасын арттыру.

Ең бастысы, бұл кассациялық орган толық тәуелсіз болады. Жаңа жүйе аясында елордада қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот құрылмақ. Кассациялық тәртіптегі істер алдын ала қараусыз, бірден үш судьядан тұратын алқаға жіберіледі. Кассациялық сатыдағы соттар істерді алты айдан аспайтын мерзімде қарайды. Сот талқылауы тараптардың қатысуымен ауызша өткізіледі.

Ақтөбе қаласының әкімшілік

құқық бұзушылықтар жөніндегі  

мамандандырылған ауданаралық

сотының төрағасы  Е.Жеткерген

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...

ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТТЫҢ БЕЛСЕНДІ РӨЛІ

Елімізде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік...

Сотқа құрметтемеушілік білдірген – жауапкершілікке әкеледі

Қазақстан Республикасының заңнамасында сотқа құрметтемеушілік білдірген тұлғаларға қатысты жауапкершілік...

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар...

Почему нам нужны государственные центры медиации?

Считаю, что давно назрела необходимость создать государственные центры медиации...