12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кассациялық соттар заң үстемдігін орнатады

Судьялар қауымдастығының  IX съезінде Мемлекет басшысы сот жүйесін одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап, бұл ретте құқық қорғау саласындағы ең маңызды міндеттердің бірі – сот шешімдерін кассациялық тәртіппен қайта қарау екенін айтқан болатын. Жалпы алғанда жүйе жұмысында жүзеге асырылып жатқан реформалар елімізде заң үстемдігін орнатуға, сол арқылы халықтың соттарға деген сенімін одан әрі күшейтуге бағытталған.

Сондай реформаның бірі жаңадан ашылатын тәуелсіз кассациялық соттар Қазақстанда шілде айында  жұмысын бастайды. Азаматтық, қылмыстық, әкімшілік  істерге мамандандырылған кассациялық соттар жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғауда маңызды рөл атқарады.

Нақты айтқанда, кассациялық сот институты заңдылықтың сақталу деңгейін жоғарылатады, яғни, төменгі сатыдағы соттардың шешімдерін тексеріп, сот қателігінің алдын алады. Кассацияда істерді қарау мерзімі 6 айды құрайды. Кассациялық соттардың маңызды ерекшелігі, олардың қызметі «бірыңғай кассациялық» қағидатына негізделген. Бұдан әрі нақтыласақ, жаңа соттарда шағымдар бірден өндіріске қабылданып, мәні бойынша қаралады. Осылайша, әр азамат өз ісін үш сатыда қарату құқығына толық ие болады.

Құқықтық мәселелерді терең талдап, заңнамалық түсіндірмелер беру де кассациялық соттардың негізгі міндеттерінің біріне кіреді. Бұл олардың қоғамдағы құқықтық мәдениет пен сауатты дамытуда да маңызы зор екенін көрсетеді. Төменгі  инстанция соттары қабылдаған сот актілерінің сапасын жақсартуда жаңа соттың үлкен көмек көрсетері анық.

Кассациялық соттар заң нормаларының дұрыс қолданылуын қарайды, оның шешімі қайта шағымдануға жатпайды, яғни, түпкілікті болып табылады. Сонымен қатар, құқық қолдану тәжірибесін біріздендіретін маңызды құқықтық ережелерді қалыптастырады. Кассациялық сотқа жүгінушілер сот актілеріндегі заң бұзушылықтарға ғана шағымданады, сондықтан, онда жаңа дәлелдемелер қабылданбайды. Жоғарыда айтып өткендей,  құқықтық нормалардың заңдылығы тексеріледі. Заң бұзушылық анықталған сот актілері өзгертіліп, күшін жоюы, қайта қарауға жіберілуі мүмкін.

Қазақстан Респубикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы заңдар кассациялық соттың қызметін заңдық тұрғыда реттейді. Тағы бір айтып өтерлігі, кассациялық соттарға заң мамандығы бойынша 18 немесе 8 жыл судьялық қызмет атқарғандар ғана үміткер бола алады. Сот төрелігін жүзеге асырумен жергілікті және кассациялық соттардың айналысуы Жоғарғы Сот жұмысына да өзгерістер әкеледі.

Бүгінгі таңда судьялар кассациялық соттарға қатысты жаңашылдықтарды әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына жан-жақты насихаттауда. Мұндай шаралар азаматтардың өз құқықтарын тиімді қорғауы үшін керек.

Елімізде дербес кассациялық соттардың құрылуы сот жүйесін халықаралық стандарттарға жақындатудағы маңызды қадам ретінде бағаланады. Себебі, құқықтық жүйенің ажырамас бөлігі саналатын кассацияның шешімдері құқықтық тәртіпті нығайтумен қатар, сот жүйесінің әділдігін арттырады.

Серік Ниязбек,

Шымкент қаласының әкімшілік

құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған

 ауданаралық  сотының судьясы

Судья –әділдік айнасы

Халқымызда «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»...

Кассациялық соттардың құрылуы мен қызметі

Бүгінде сот жұмысын жетілдіру мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі екені...

Әкімшілік істерде татуласқан тиімді

Елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Еститін Үкімет» қағидасын...

Тіл ел байлығы

Тіл -  басты байлығымыз, ол қай ұлтта, қай елде...

Новые изменения в Уголовном кодексе: важные моменты и их значение

5 июля 2024 года Парламент Республики Казахстан принял важный...