12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кассациялық соттар сот әділдігін нығайтады


Сот жүйесіндегі реформалар елімізде заң үстемдігін нығайтуды көздейді.
Азаматтардың құқықтары мен бостандығының әділ қорғалуын қамтамасыз
ететін тың өзгерістің бірі мамандандырылған кассациялық соттар алдағы
бірінші шілдеде қызметіне кіріседі. Төмен тұрған сот сатыларының заңдылықты
сақтауын бағалайтын кассациялық соттар азаматтық, қылмыстық, әкімшілік
істер бойынша жеке-жеке және өңіраралық сот мәртебесімен құрылады. Олар
бүкіл республикалық деңгейде жұмыс істейді, кассациялық сот ретінде сот
актілері мен материалдарын қарап, сот тәжірибесін зерттейді.

Бұған қоса жалпылау нәтижелері бойынша төменгі сатыдағы соттардың сот төрелігін
жүзеге асыруда заңдылықты сақтау мәселелерін қарастырады.
Жаңа соттардың кадрлық құрамын тәжірибелі судьялардан жасақтауды
тапсырған Президент бұл ретте «Кассациялық соттардың дербестігі
азаматтардың сот төрелігіне қол жеткізуіне мол мүмкіндік беріп, инвестиция
тартуға, бизнес жүргізуге оңтайлы жағдай жасайды. Ең бастысы, бұл әділдік
қағидаттарын және құқық үстемдігін толық жүзеге асыруға ықпал етеді» деген
болатын. Кассациялық соттардың өкілеттіктері, құрылым-құрамы, сондай-ақ,
төрағалары мен судьяларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының
кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
заңымен айқындалды. Осы заңға орай айтар болсақ, кассациялық соттар
судьяларының біліктілігіне қойылатын талаптардың бастысы 18 жыл заңгерлік
немесе 8 жыл судьялық тәжірибе. Төраға болғысы келетіндерден 10 жыл
судьялық лауазым талап етілсе, оның 5 жылында облыстық сотта судья
қызметін атқаруы тиіс.
Дербес кассациялық соттардың іске кірісуі Жоғарғы Соттың сот
тәжірибесінің біркелкілігін қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді. Жалпы алғанда
кассациялық соттар сот шешімдерінің заңдылығы мен әділдігін жүзеге асырып
қана қоймайды, сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың сот төрелігіне
қол жеткізу құқығын кеңейтеді. Төменгі саты соттарының сот актілеріндегі
қателіктерді түзетеді. Айтып өтерлігі, кассациялық соттар сот актілерін
қабылдауда заңдардың дұрыс қолданылуы мен түсіндірілуін қамтамасыз етеді.
Кассациялық сатыдағы істер үш судьядан құралған алқаның қарауына
тікелей жіберіледі. Бұрынғыдай алдын ала қаралмайды. Сот талқылауы
тараптарды қатыстыра отырып ауызша жүргізіледі және істер 6 ай ішінде іс
қаралып бітеді. Кассациялық соттың шешімі қайта қаралмайды. Кассациялық
сот төменгі саты соттарының негізсіз деп танылған сот актілерінің күшін
жойып, істі жаңадан сот талқылауына жібереді немесе ол туралы түпкілікті
шешім қабылдайды. Бірінші және апелляциялық сатыдағы судьялар қабылдаған
сот шешімдерінің заңдылығы мен дұрыстығын тексереді.
Кассациялық соттардың құрылуы белгілі бір деңгейде Жоғарғы Соттың
рөлін өзгертеді. Кассациялық соттардың тәуелсіздігі төменгі сот органдарының
сот төрелігін іске асыруда заңдылықты сақтауына алғышарт жасайды. Ең маңыздысы, қоғамның сұранысына жауап беріп, ел азаматтарының құқықтары
мен бостандықтарының сотпен қорғалу тиімділігін арттырады. Жоғарыда атап
өткендей, кассациялық сот институты сот тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз
етіп, құқықтық дауларды шешуде әділдік пен бейтараптықты нығайтады,
сондай-ақ, құқық қорғау органдары мен азаматтардың құқықтарын тиімді
қорғайды. Жаңа реформаның басты міндеті соттың қорғау құқығын толық
көлемде жүзеге асыру, сонымен қатар, соттарға деген халық сенімін одан әрі
нығайту болып табылады.
Гүлмира Айтжанова,
Алмалы аудандық No 2 сотының судьясы
Алматы қаласы

Как в Алматы решается вопрос нехватки мест в общежитиях

Алматы — крупнейший студенческий центр Казахстана, где базируются 35...

Алматыда жатақхана орындарының жетіспеушілігі қалай шешілуде

Алматы — Қазақстанның ең ірі студенттік орталығы, мұнда 35...

АЛМАТЫ ЕРІКТІЛЕРІ ЖЫЛДЫ ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕРМЕН БАСТАДЫ

Қаңтардың соңғы күндерінде Алматыны қалың қар басып, нағыз қысқы...