Кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыру

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңы 2-1-тараумен толықтырылды. Онда кассациялық сот жөнінде норма көзделген.Аталған тараудың 16-2-бабына сәйкес, Кассациялық соттарды Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғарғы Сот Кеңесімен келісіп ұсынуы бойынша Қазақстан Репсубликасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады, атауын өзгертеді және таратады.

Кассациялық сот – төмен тұрған соттардың шешімдеріне шағымдарды кассациялық тәртіппен қарайтын, яғни Жоғарғы сот сатысы. Бірінші сатыдағы соттардың түпкілікті шешімдеріне және апелляциялық соттың шешімдеріне кассациялық сотқа шағым жасалуы мүмкін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қыркүйек айында отандық бизнес өкілдерімен кездесу барысында азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз ету үшін жекелеген кассациялық соттар құрудың маңыздылығы туралы атап өтті.

Кассациялық соттар Астана қаласынан 2025 жыл ішінде құрылатын болады. Кассациялық соттарды құру мәселесі сот саласының ортасында ғана емес, қоғамда талқыланып жатыр. Өз кезегінде тәуелсіз кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ кассациялық сотты тәжірибеге енгізу сотқа кететін қаржыға нұқсан келтірмей, азаматтардың ұсыныс-талабын ескере отырып шешім шығаруға жол ашады. Бұл жүйе қарапайым халық үшін тиімді тұстары өте көп деп айта аламын. Тәуелсіз кассациялық сот азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша тек Астанада ғана құрылады.  Кассациялық сотқа, апеляциядан әділдік таппағандар шағымдана алады. Бүкіл облыстан аппеляциядан қаралғаннан кейін, олар Елордадағы кассациялық сотқа өзінің бағыты бойынша жүгінетін болады.

Cот жұмысына, судьялар шығарған сот актілерінің сапасына арызданушылар аз емес. Әрине, сот отырысында екі тараптың мүддесі қозғалғандықтан, жеңілген тараптың өкіпе-реніші болатыны рас. Бірақ дауларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу сот актілерін түсіндіру, сот отырысының дыбыс-бейне таспаға жазу бойынша қолға алынған шаралар сот жұмысына деген наразылықты біршама төмендеткен еді. Жоғарғы сот бұл нәтежемен тоқтап қалмай, төрелелікке деген сенімді қалыптастыруға түрткі болатын тетіктерді жан-жақты қарастыруда.

Сот төрелігін жергілікті және кассациялық соттар жүзеге асырады. Астана қаласында азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша үш жеке кассациялық сот инстанциясы құрылады. Ең бастысы, бұл кассациялық орган толық тәуелсіз болады.

Есенов Жандос Гиниятович

Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты әкімшісінің басшысы

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...