Кассациялық тәртіп – заңдылықтың соңғы құқықтық мүмкіндік

Әкімшілік сот ісін жүргізуде кассациялық тәртіп сот актілерінің заңға сәйкестігін қамтамасыз ететін маңызды саты болып табылады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі кассацияның мәні мен тәртібін нақты айқындап берген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (ӘРПК) сәйкес, кассация – заңды күшіне енген сот шешімдері мен қаулыларын құқықтық тұрғыдан тексеру нысаны. Бұл сатыда сот істі қайта қарамайды, жаңа дәлелдемелер зерттелмейді. Кассациялық соттың басты міндеті – заң нормаларының дұрыс қолданылған-қолданылмағанын анықтау.

Кассациялық сатыдағы сот Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты болып табылады. Ол төменгі соттар жіберген құқықтық қателіктерді түзетіп, сот практикасының біркелкі болуын қамтамасыз етеді. Осы арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері қорғалады.

Кассациялық шағым барлық істер бойынша қабылданбайды. Ол тек материалдық немесе процестік құқық нормалары елеулі түрде бұзылған жағдайда ғана қаралады. Сонымен қатар сот актісі азаматтардың құқықтарына елеулі әсер еткен кезде кассациялық тәртіп қолданылуы мүмкін.

Кассация апелляциялық сатыдан мазмұны жағынан ерекшеленеді. Егер апелляция істің мән-жайын қайта қарап, дәлелдемелерге баға берсе, кассация тек құқықтық мәселелерді талдаумен шектеледі. Бұл сот жүйесінде заңның үстемдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кассациялық шағым апелляциялық соттың қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап алты ай ішінде беріледі. Шағымда заңның нақты қандай нормалары бұзылғаны және оның істің нәтижесіне әсері негізді түрде көрсетілуі тиіс.

Кассациялық тәртіп – әкімшілік сот ісін жүргізудегі маңызды құқықтық тетік. Ол сот актілерінің сапасын арттырып, әділ сот төрелігін жүзеге асыруға қызмет етеді.

                                       Қызылорда облысының мамандандырылған

                                       ауданаралық әкімшілік сотының                  

                                       жетекші маманы Гажданбекқызы Гүлсезім

Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаттары айқын

Азаматтар өзінің заңды құқығын біліп, өз мүддесін қорғауға қабілетті...

Татуластыру тетігін таңдау тараптардың еркінде

Азаматтық сот ісі заңдылыққа сүйене отырып дауларды әділ шешуді,...

Жасанды интеллект сот жұмысына серпін береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды цифрландыру және жасанды...

Ерекше іс жүргізудің тиімділігі неде?

Елімізде жүргізіліп жатқан сот реформаларының басты мақсаты – азаматтардың...

Ашық сот процесі халық сенімін нығайтады

Сот жұмысы ашық, қолжетімді болған сайын азаматтардың сотқа деген...