spot_img
spot_img

Кассациялық соттың 3-ші сатыдағы жұмысы басталады

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасынында жаңадан құрылатын кассациялық сот жұмысын бастайды.

Соттар тек Конституция принциптері мен заңдарға бағынады.

Кассациялық сот Астана қаласында орналасады, бұрынғыдай әр облыста орналасқан облыстық соттарда болмайды.

Бұл дегеніміз, азаматтардың бұзылған өз құқықтарының қорғалуына сенім ұлғайтады, бұл соңғы саты болып табылады бірінші және апелляциялық сатылардан кейін.

Осы кассациялық сот құрылмай тұрғанда бүгінгі күні жұмыс жасап жатқан кассациялық саты сотына азаматтардың шағымдары түспей тұрып судьялармен алдын-ала қаралып кассациялық саты сотында қаралуға жатытыны не жатпайтыны туралы шешімдер қабылданатын соның салдарынан кассациялық сатыға орташа алғанда 5,10 пайызғана істер қаралуға түсетін, ал қазіргі жаңадан құрылатын кассациялық сотта бұндай жағдай орын алмай шағымдар тікелей кассациялық сотқа түсіп міндетті түрде сонда қаралатын болады.

Сонымен бірге бүгінгі күні кассациялық сот қарауына әзірше жеңіл санаттағы қылмыстық істер, теріс қылық санатындағы істер, ал азаматтық істердің ішінде азаматтар үшін 2000 АЕК ал заңды тұлғалар үшін 30000 АЕК тен төмен істер жолданбайды ал 1 шілде 2027 жылдан бастап бұл шектеулер алып тасталатын болады қазірден бастап заңдарға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылуда.

Шағымдар тікелей кассациялық сот алқасына судьялармен алдын ала тыңдаусыз түсетін болады.

Кассациялық сотта істі 3 судья қарайды және істер 6 айдан аспайтын мерзімде қаралып аяқталады.

Азаматтар мен заңды тұлға өкілдері бірден кассациялық сотқа жүгіне алады.

Кассациялық сотта азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер қаралады.

Осындай кассациялық соттар бүгінгі күні Франция, Германия, Ресей мемлекеттерінде құрылып жұмыс жасап жатыр.

Аян Алтынбаев

Жалағаш аудандық сотының Әкімші басшысы

«Қызылорда облыстық судьялар Одағының мүшесі»

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

Ата Заң – тұрақтылық тірегі

Биыл Республикамыздың Негізгі Заңы – Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толды. Ел Конституциясымен бекітілген әрбір норма...

«Ой шебері»: Жамбыл жастарының білімге құштарлығын арттырған зияткерлік дода

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін...

Деректерді қорғау заман талабы

2025 жылғы 26 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің...

Жер дауларының өзекті мәселелері

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 2025 жылдың басынан...