12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кассациялық соттың құрылуы

Өткен жылы мемлекет басшысы судьялардың IX сьезінде сот жүйесіндегі жаңашылдық – отырыстардың онлайн өтуіне оң баға берді. Барлық процесстерде осынндай жоғары стандарт болуы керек, деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Төрт жылда бір рет өткізілетін іс шарада судьялардың жаңа Әдеп кодексі де талқыланып, сот жүйесін жетілдіру жолдары да қарастырылды. Сот жүйесіндегі тағы бір жаңалық, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша жеке-жеке кассациялық сот құрылатын болды. Аталған соттар 2025 жылғы 1 шілдеде жұмысына кіріседі.

Кассациялық сот — бұл жаңа орган ғана емес, Қазақстандағы сот билігін институционалдық нығайтудың маңызды элементі. Оның табысты жұмысы рәсімдердің ашықтығына, судьялардың кәсібилігіне және қоғамдағы құқықтық мәдениеттің дәйекті дамуына байланысты. Сот реформасы жалғасуда және оның түпкі мақсаты  азаматтар мен мемлекеттің мүддесі үшін шынайы әділетті, қолжетімді және тиімді сот төрелігі жүйесін құру.

Кассациялық сот құрудың алғышарттары Реформаға дейін кассациялық шағымдарды қарайтын жоғарғы орган Жоғарғы Соттың сот алқасы болды. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, кассациялық шағым беру жүйесі модернизацияны қажет етеді. Атап айтқанда, істерді қатаң іріктеу, құқықтық сенімділік пен сот практикасының біркелкілігін жақсарту қажеттілігі туындады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің саяси жолдауларында биліктің сот тармағын реформалаудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Кассациялық соттың құрылуы осы бастамалардың қисынды жалғасы болды.

Кассациялық сот Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанында дербес сот сатысы ретінде әрекет етеді. Ол азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және өзге де істер бойынша сот актілеріне кассациялық шағымдарды қарайды. Егер материалдық немесе іс жүргізу құқығы нормаларын елеулі бұзушылықтарға жол берілсе, сот сот актілерінің күшін жоюға немесе өзгертуге құқылы. Бұл ретте кассациялық сотқа шын мәнінде маңызды және принципті мәселелерге назар аударуға мүмкіндік беретін кассациялық қарауға дейін істерді жіберудің қатаң критерийлері белгіленген. Сот құрамы мінсіз беделі бар тәжірибелі судьялардан құралады. Негізгі назар кәсіпқойлыққа, объективтілікке және тәуелсіздікке аударылады.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кассациялық соттардың кадрлық құрамы неғұрлым тәжірибелі судьялар қатарынан құрылуы тиіс.

Судьялар корпусының жауапкершілігіне де ерекше көңіл бөлініп отыр. Яғни, даулы іске төрелік ететін судьялардың әр шешімін сүзгіден өткізетін арнайы орган болмақ. Кассациялық соттар бүкіл республикалық деңгейде жұмыс істейді. Бұл соттар қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді толық қарайды. Сондай-ақ, бірыңғай кассациялық тәртіп бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарап, 6 ай мерзім ішінде істерді мәні бойынша үш судья құрамында қарауды қамтитын болады. Кассациялық сот институтының дамуы, біріншіден, сот тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз етуге, екіншіден құқықтық дауларды шешуде әділдік пен бейтараптықты нығайтуға, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауға бағытталған. Кассациялық сот төменгі органдар шығарған сот шешімдерін қадағалайтын және түзететін сот жүйесінің бір түрі. Істерді кассациялық сатыдағы сотта қарау белгілі бір негіздер бойынша ғана мүмкін болады. Кассациялық соттардың негізгі міндеті – сот актілерін қабылдау кезінде заңдардың дұрыс қолданылуы мен түсіндірулерінің сақталуын қамтамасыз етуі болып табылады. Заң тәжірибесінде маңызды роль атқарады және құқықтық жүйеснің дамуына үлес қосады, сонымен қатар жалпы юрисдикциядағы соттар жүйесінде соңғы шешуші инстанция ретінде әрекет етеді. Төменгі сатыдағы соттың актісі заңсыз немесе негізсіз деп танылса, кассациялық сатыдағы сот оның күшін жойып, істі жаңадан сот талқылауына жіберуі немесе түпкілікті шешім қабылдауы мүмкін. Бұл өзгеріс сот жүйесінің дамуы мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына барынша ықпал ететіні сөзсіз.


Қызылорда облысының 

мамандандырылған ауданаралық                                           Қ.Б.Нұржігітов

әкімшілік соты әкімшісің аға сот приставы 

Стажировка на космодроме

Космическая отрасль – это одна из самых динамичных и...

Первый бесплатный ИИ-репетитор

НОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ, ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ НАЧИНАЮТ ИГРАТЬ ВСЕ БОЛЕЕ ВАЖНУЮ...

Мир звука и слов

Мы живем в эпоху информации, потому в бурном и...

Разносторонние наркодиллеры

В Казахстане ведется активная борьба с наркопреступностью во всех...

Қазақстандағы сот жүйесіндегі өзгерістер: құқықтық мемлекетке бастар жол

Қазақстанның сот жүйесі тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері елдің...