12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кассациялық соттарды құру – қоғам қажеттілігі

Сот жүйесіндегі жүргізілген реформалар, судьялар тауелсіздігі мен сот әділдігін цифрлық өнімдерді енгізу арқылы жүзеге асырылып, тиімділігін арттыру бағытында жасалған оң өзгерістер өз нәтижесін беруде.Мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметті барынша сапалы орындау үшін, сотқа жүгінген азаматтардың құқықтарын сотта толыққанды асыру мақсатында, сот әділдігінің сапасын арттыру мақсатында, сот пен халықты жақындату мақсатында биыл 1 шілдеден бастап Астана қаласында қолданысқа үш дербес кассациялық соттар енгізілгелі отыр.

Заң талабына сәйкес,  Астанада қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі үш кассациялық сот құру жоспарланған. Бұл бағытта, 2023 жылғы қазан айында Жоғарғы Сот тарапынан мүдделі тұлғалармен, соның ішінде, депутаттар корпусымен, орталық мемлекет органдарымен, бизнес, заң құрылымдарымен, және халықаралық ұйымдармен кездесулет өткізілген болатын. Қазақстан Республикасының заңдарына да тиісті  өзгертулер мен толықтырулар енгізізілетіні сөзсіз. Соның ішінде, «Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен «Республикалық референдум туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңдарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Дербес кассациялық соттар  кассациялық іс жүргізу тәртібімен заңды күшіне енген сот шешімдері мен актілерін қайта қарауды қамтамасыз етеді. Бұл саты сот төрелігі жүйесіндегі шешуші рөл атқарады.

Кассациялық соттың ең басты функциясы заңды күшіне енген сот актілерін қайта қараумен байланысты. Апелляциялық сатыдағы сотпен айырмашылығы, кассациялық іс жүргізу іс бойынша жаңа фактілерді анықтау емес, сот шешімдерінің заңдылығы мен дұрыстығын тексеруге бағытталады. Кассациялық сот  құқық нормаларының дұрыс қолданылғанын, төменгі сатыдағы соттың қорытындылары іс материалдары мен белгіленген фактілерге сәйкес келетіндігін жан-жақты тексереді, сонымен бірге, қызметі елдің барлық аумағында заңдардың біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Аудандық немесе облыстық  соттар деңгейінде қаралған істер бойынша сот шешімдері қолданыстағы заңнамаға немесе сот практикасына қайшы келсе, жіберілген сот қателіктері кассацияда түзетілуге, сот актілерінің күші жойылуға, өзгертуге жатады. Тиісінше, процесс барысында жаңа кассациялық сот төменгі саты шешімдерінде іс жүргізу нормаларының сақталуына, заңдардың дұрыс қолданғанына баға беріп, барлық дәлелдемелерді обьективті түрде қаралғанын қамтамасыз етеді.

Жаңа дербес кассациялық соты  азаматтар мен заңды тұлғаларға әділетсіз  немесе заңсыз сот актілерін қайта қарауға жан-жақты мүмкіндік береді. Мұның өзі Конституциясында кепілдік берілген азаматтардың құқығы мен бостандығын мінсіз қорғауда маңызды рөл атқарады.

Азаматтар сот саласындағы жаң бастамадан  үлкен үміт күтіп отыр. Құқықтық салаға елеулі жаңашылдық әкелетін кассациялық соттар ел игілігіне жарарына сеніміміз мол.

Қызылорда қаласының әкімшілік

құқық бұзушылықтар жөніндегі

мамандандырылған

сотының бас маманы Жанар Аскарова

 «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында...

Шымкентте мәжіліс депутатына қарсы ақпараттық шабуыл не үшін басталды?

Құрылыс жабдықтарын жымқыруға қатысты Мәжіліс депутатына қатысы бар деп...

№11 мекемесінде сотталғандарды кәсіптік даярлау жұмыстары жүргізілді

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №11 мекемесінде  Қазақстан Республикасы Президентінің  2023...

Абай  – қазақ руханиятының темірқазығы

Абай Құнанбаев – қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы,...

«Байсерке Аспаны – 2025» авиашоуы: басты авиациялық оқиғаға дайындық жалғасуда

20 мамырда Алматыда «Байсерке Аспаны – 2025» авиашоуына дайындыққа...