Кассациялық соттардың құрылуы уақыт талабы!

 1 шілдеден бастап үш дербес кассациялық сот жұмысына кіріседі. Бұл жүйе судьялардың жауапкершілігін арттырып, тәуелсіздігін бекітеді және  азаматтардың заң мүдделерін, құқықтарын қорғауды нығайтып, жұмыс сапасын жақсартып, сот жүйесіне деген сенімін арттырады. Кассациялық соттар – төмендегі соттардың заңды күшіне енген шешімдерін, үкімдеріне шағымдар түскен істерді қарайтын сот органы, яғни, заңды күшіне енген сот актілерін қарайды. Сот шешімдерінің заңдылығына көңіл бөледі.

      «ҚР Сот жүйесі және судьяларының мәртебесі» туралы» заң кассациялық соттардың құрылуы туралы тарауы  2024 жылғы 5 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңмен толықтырылды.

     Кассациялық сот судьяларды іріктеудің өзіне белгілі бір тәртіп, шарт қойылған, ал кассациялық соттар судьяларының жалпы саны Жоғарғы Сот төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен ұсынылып, ҚР Президенті бекітеді. 

      Кассацияға істер алдын ала қараусыз үш судьядан тұратын алқаға бірден түседі және сот процесі тараптардың шақырылуымен ауызша жүргізіліп, істерді қарау мерзімі алты айдан аспайды.

     Дербес кассациялық соттардың негізгі міндеті төменгі тұрған соттардың жіберген қателіктерін түзетуге және заңдардың қолданылуын біркелілікті және ыңғайлылықты, әділеттілікті қамтамасыз етуге жол береді. 

      Заман талабына,  көпшілік сұранысына сай халық игілігіне қызмет етуге арналған жаңа бастама оң ықпал етері анық. 

Абенова Жанат Тлеубаевна, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының төрағасы

           Сот төрелігінің өзекті тақырыбы бойынша тарихқа үңілсек…

         «Қазақ даласындағы сот билігінің мұраты – сот процесіне қатысушылардың...

Ғылымдағы бірлік: ҚазҰУ түркі мемлекеттерімен әріптестікті нығайтпақ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы келген Өзбекстан, Моңғолия,...

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...